
Ә. ОРАЗБЕКОВ. «БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ» (KyzylordaDramTheatre)
Сипаттама
Өтетін орыны: Қызылорда қ-сы, Желтоқсан к-сі,1, Н. Бекежанов атындағы облыстық музыкалық драма театры
Автор: Ә.Оразбеков
Премьера күні: 2016
Режиссёр: А.Оразалы
Суретші: С.Пірмахан
Жанр: отбасылық драма
Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» психологиялық драмасы туған ауыл, өзі өскен шаңыраққа деген әрбір адамның парызын қайта оралтып, көп ойларға же-телейді. Ауылда мүгедек баласымен қалған ана мен қалада тұратын балалардың кереғар тірліктері жаныңды күйзелтіп, көңіліңді мұңға бөлейді. Психологиялық драманың мәні әрбір көрерменге туған ел мен туған жермен қатар, туған шаңырақ пен ата-ананың алдындағы перзенттік парыздың бар екенін паш етеді. Бұл спектакль – өмірдің нақ өзі! Өмірдің алуан-алуан қиындықтарына
қарамастан, әрбір саналы адам қоғамдағы, отбасындағы өзінің рөлін ұмытпауы тиіс деген игіліктен туған дүние. Бүгінгі қоғамдағы боямасыз шындық – ағайындар арасындағы алауыздық. Бір жатырға сыйғандардың бір шатырға сыйыспауы – зор қасірет!
Өтетін орыны
Қызылорда қ-сы, Желтоқсан к-сі,1, Н. Бекежанов атындағы облыстық музыкалық драма театры
Автор
Ә.Оразбеков
Премьера күні
2016
Режиссёр
А.Оразалы
Суретші
С.Пірмахан
Жанр
отбасылық драма
Кесте
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 14НаурызЖұмКызылординский драмтеатрЗалбастап 1000 ₸бастап 1000 ₸