«Бароккодан бастап бүгінге дейін»
Сипаттама
Камералық музыка кеші
«Бароккодан бастап бүгінге дейін»
КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ
Ұзақтығы 1 сағат 20 минут
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
«Бароккодан бастап бүгінге дейін» концертін шығармашылығында камералық музыканы кеңінен насихаттап жүрген танымал қазақстандық орындаушылар Әнел Шәкірова, Айя Ғаббасова (скрипка), Ахмет Сұлтанов (альт) және Курванжан Ахатов (виолончель) ұсынады.
Концерт бағдарламасына музыканттар барокко дәуірінің композиторы Генри Перселлдің, чех романтигі Антонин Дворжактың, америкалық минималист Филипп Гласстың және заманауи қазақстандық автор Арман Жайымның туындыларын енгізді.
Барокко дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейінгі алуан түрлі музыка тыңдармандарға тамаша әсер сыйлайды.
БАҒДАРЛАМА:
Г.Перселл. «Чакона»
А.Дворжак. №14 ішекті аспаптар квартеті, ля-бемоль мажор, ор. 105
Ф.Гласс. №2 ішекті аспаптар квартеті (Company)
А.Жайым. №1 ішекті аспаптар квартеті
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Әнел ШӘКІРОВА (скрипка)
Айя ҒАББАСОВА (скрипка)
Ахмет СҰЛТАНОВ (альт)
Курванжан АХАТОВ (виолончель)
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.
Өтетін орны
Астана қ., Astana Opera (Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал)
Күні
27 қараша 2024
Уақыты
19: 00
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 27ҚарашаСәрсAstana OperaКамерный залбастап 4000 ₸бастап 4000 ₸