97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.
Орыс драма театры Қостанай қ.

Ажал аузында болғанда

Билет сатып алу

«Ажал аузында болғанда» комедиясы - махаббатқа толы, нәзік хикая. Автор Надежда Птушкинаның бұл пьесасы қазіргі заманғы ресейлік драматургиясының соңғы онжылдықтағы ең үздік туындыларының бірі болып саналады. Оқиға желісі қарапайым: бір пәтерде екі әйел: анасы мен қызы тұрады екен. Біреуінің өмір жолы аяқталуға шақ келіпті, екіншісі ғашық болып, отбасы құрып, бала туатын жастан асыпты. Біреуіне әлем шарлауға мүгедектер креслосы кедергі болса, екіншісі анасын жалғызсыратып қалдыруға дәті бармас екен. Бірақ кенет, бір күні, Жаңа жыл қарсаңында бір таңғажайып болады.
Еш сиқырсыз және ертегілік ғажаптарсыз. Олардың өмірінде жаңа адам пайда болады екен...
Бұл өмір ызғарынан сақтанып, жылы сезімдерге бөленуге, жақсылыққа сенуге және ғажайыптар болатынына тағы да көз жеткізуге жол ашатын махаббатқа толы оқиға. Пьесаның өткір мәтіні, сюжеттің таңғажайып бұрылыстары, керемет лирикалық музыкасы спектакльді жарқын, мейірімді, естен кетпес және әсерлі ете түсетіні анық.