«Неке»
Соңғы екі жүз жылдықта Н.В.Гогольдің пьесалары әлем классикасының үздік туындылары арасында елеулі орын алып келеді. Пьесаны таңдауға еш уақытта өзектігін жоғалтпайтын неке мәселесі түрткі болды. Қазіргі заманның адамы өміріндегі осынау маңызды оқиғаны баяндауды «Неке» комедиясын орындауын қоюшы-режиссер Туфан Имамутдинов өз қолына алды. Гоголь пьесасының заманауи пайымдалуы қойылымның бейнелік шешімдерінде өз болмысын тапты. Режиссер ақпараттық-технологиялық әлемдегі адам сезімдерінің дамуын зерттеуде өзін еркін сезінеді. Пьесаның классикалық оқиға желісі заманауи кеңсенің екпінінде өрбиді, бұл өз алдынан мәселенің қарқынын күшейтетіні анық. Кеңсе - сезім мен эмоциялар жойылатын, ал сандар мен кестелер арпалысына енген адамдар өздерінің жеке өмірін шетке ысырып қоятын кеңістіктің бейнесі, бұның салдары ретінде адами қарым-қатынастардың ығыстырылуы, тіпті жоюлуы болатыны сөзсіз.
Фёкла Ивановна есімді жеңгетайдың табысты қызметкер Подколёсинді үйлендіру мақсатында салған еңбегі еш болыпты. Фёкла қарастырып жүрген табысты кәсіпкер әйел Агафья Тихоновна жақсы үміткер болуы әбден мүмкін, алайда жасқаншақ күйеу жігіт әлі де өзінің үйленуге деген дайындығының шүбә оты артпаса еш сөнбеген еді...
Гоголь сюжетіне арқа сүйеніп, отбасылық құрылымды режиссерлік тұрғыдан пайымдау Подколесиннің оқиғасын адамның шынайы сезімдері, махаббаты мен жауапкершілік алдындағы қорқынышының, жайлы бейқам өмірден айрылу қорқынышының айқын мысалы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.