ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Хануманың қулығы

Хануманың қулығы

Сипаттама

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының

ГАСТРОЛІ

Гия Канчели

«ХАНУМАНЫҢ ҚУЛЫҒЫ»

2 бөлімді музыкалық комедия

Орыс тілінде орындалады

Либретто авторы Б. Рацер және В. Константинов

Спектакльдің премьерасы 1999 жылғы 24 маусымда өтті

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Музыкалық жетекші және дирижер Валентин Богданов, «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері (Санкт-Петербор)

Қоюшы режиссёр Александр Малявский

Қоюшы суретші Мәлік Байкенов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Хормейстер Татьяна Штыкова, «Құрмет» орденінің кавалері

Балетмейстер Игорь Храмов

Костюмдер бойынша суретші Ольга Витолс

ТАРИХИ АНЫҚТАМА

Гия Канчели кеңестік композитор, Грузия КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1972). Оның музыкасы ұлттық музыкалық дәстүрлермен тоғысып, олардың ерекшеліктерімен үйлесім тапқан. Оның комедиясы бейнелі салыстырудағы өткірлігімен, лирикалық асқақтығымен, даму динамикасымен және драматургиясының өзгешелігімен ерекшеленеді. Композитор күнделікті қарапайым материалға жаңалық пен жоғары көркемдік үстей алған. «Хануманың қулығы» бұл ұлттық нақыш пен тамаша грузин әзіліне толы көңілді, жалынды спектакль.

ҚОЙЫЛЫМНЫҢ МАЗМҰНЫ

Кедейлікке тап болған ақсүйек князь Вано Пантиашвили қалталы қалыңдыққа үйленіп, қаржылық жағдайын түзеп алғысы келеді. Тифлистің таңдаулы жеңгетайлары Ханума мен Кабато бұл жайдан хабардар. Пантиашвилидің үйіне алдымен Кабато келеді. Ол Князьге жас сұлу қыз тауып та қойды ол ақсүйектермен туыс болуды армандайтын табысты көпес Микичтің қызы Сона. Бірақ Сона мен оның мұғалімі Коте князьдің кедей жиені бір-бірін жақсы көретін еді. Қос ғашыққа көмек қолын созуға және «өзіне шаң қаптырған Кабатоның» жоспарын бұзуға Тифлистегі ең айлалы жеңгетай Ханума кіріседі. Оның айла-әдістерінің арқасында Сона мен Коте бақыт тауып, Акоп Ханумаға, Князь Гуликоға үйленеді, ал Кабато Тифлистің басты жеңгетайына айналады.

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera (Камералық зал)

  • Күні

    18 тамыз, 2024

  • Уақыты

    18:00

  • Ұзақтығы

    2 сағат 20 минут

  • Жас шектеуі

    10+

  • Қосымша

    Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 18
    Тамыз
    Жекс
    Astana Opera
    Большой зал-5 (БХ)
    бастап 1000
    бастап 1000