
Professional Wrestling League 8 Алматыда
Сипаттама
25 ақпан күні Алматы қаласының төрінде Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында (Абай көшесі, 44) PWL 8 - Кәсіби күрес лигасының кезекті турнирі өтпек. Жарысқа әлемнің үздік балуандары, соның ішінде олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, еркін, әйелдер және грек-рим күресінен әлем және континент чемпиондары қатысады. Кештің басты жекпе-жегі - АҚШ-тың Олимпиада чемпионы Кайл Снайдер мен Қазақстан чемпионы Ризабек Айтмұханның белдесуі. Ерекше атап өтетін жайт, Снайдер Алматыда екі жекпе-жек өткізбек, Еуропа чемпионы және әлем чемпионатының жүлдегері Әлихан Жабраиловпен (Ресей) кездеседі.
Әйелдер күресі.
76 кг дейін. Жәмилә Бақбергенова (Қазақстан) - Айпері Медет-кызы (Қырғызстан)
Грек-рим күресі.
77 кг дейін. Ақжол Махмудов (Қырғызстан) - Ибрагим Ганем (Франция)
67 кг дейін. Луис Орта Санчез (Куба) - Славик Галстян (Армения)
77 кг дейін. Айк Мнацаканян (Болгария) - Сергей Степанов (Ресей)
97 кг дейін. Артур Саргсян (Ресей) - Габриэль Росильо (Куба)
97 кг дейін. Кирилл Маскевич (Беларусь) - Айк Хлоян (Армения)
Еркін күрес.
97 кг дейін. Кайл Снайдер (АҚШ) - Ризабек Айтмұхан (Қазақстан)
97 кг дейін. Кайл Снайдер (АҚШ) - Әлихан Жабраилов (Ресей)
61 кг дейін. Заур Угуев (Ресей) - Гуломжон Абдуллаев (Өзбекстан)
86 кг дейін. Магомед Рамазанов (Болгария) - Арслан Багаев (Ресей)
79 кг дейін. Автандил Кенчадзе (Грузия) - Ахмед Усманов (Ресей)
86 кг дейін. Азамат Дәулетбеков (Қазақстан) - Магомедхабиб Кадимагомедов (Беларусь)
Турнир атауы
PWL-8
Орны
Спорт сарайы. Балуан Шолақ, Алматы, Қазақстан
Күні
25.02.2025
Уақыты
19:00
Ұзақтығы
3 сағат
Жанр
күрес лигасы
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 25АқпанСейсДворец спорта им. Балуана ШолакаPWLбастап 5000 ₸бастап 5000 ₸