Қозы Көрпеш - Баян Сұлу
Сипаттама
Қозы Көрпеш - Баян сұлу -махаббат дастаны. Арманына жете алмаған қос ғашықтың трагедиясы.
Шынайы махаббат пен сүйіспеншілікке кедергі болған қатыгез әке үкімі, қатал тағдыр тәлкегі, байлық пен кедейлік тартысы -екі жасты ізгі арман, адал ниеттеріне жеткізбеді. Баянын іздеген жас батыр Қозының жолына тұрған Қодар, алаң көңіл қос мұңлық - Мақпал мен Күнікей, арам ниет Жантық, серттен тайған әке Қарабайсәулетті сыры бар лиро-эпос жырының негізгі кейіпкерлері.
Қазақтың белгілі классик жазушысы Ғабит Мүсіреповтың қаламынан туғанына 80 жылдан асқан Қозы мен Баянның мәңгілік жыры пәк махаббат сезімін, ұрпақтан ұрпаққа үлгі боларлық адалдық қасиеттерді арқау еткен. Ол қай дәуірде де көрерменін бейжай қалдырмайтын, ойлантып, толғандыратын құнды шығарма.
Автор
Ғ. Мүсірепов
Режиссёр
Т. Жанботаев
Жанр
трагедия
Жас санаты
14+
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 30ҚарашаСенбТеатр им. Сакена Сейфуллинабастап 800 ₸бастап 800 ₸