Репертуар театра им. Жантурина

«Өміріңе жан бер» ретриті

Жолға шығу күні: 29 шілде, сағат 10:00
Жиналу орны: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 2, «Спорт сарайы», Шыршалар жақтан

Билет бағасына кіреді:

• Жайлы үйлерде тұрақтану
• Толық тамақтандыру + күн сайын 2 рет кофе-брейк
• Ретриттің барлық бағдарламалары (тренингтер, трансформациялық ойындар, монша)
• Психологтың жеке кеңестері
• Эзотериктің жеке кеңестері
• Фитнес жаттығулар
• Өскеменнен базаға және кері қарай тасымалдау

Бағдарлама:

- Таңертең ерте тұру
- Біраз уақыт суда жүзу
- Жеңіл таңғы ас
- Су жағасында медитация
- Психологпен немесе эзотерикпен жеке сауалдар және консультациялар
- Жаттықтырушымен бірге топтық фитнес-жаттығу
- Жағажайда демалу
- Түскі ас
- Эзотерик тренингі (күн тақырыптары қатысушыларға алдын ала жарияланады. Олардың ішінде: Ой-сана қалай құрылады? Карма дегеніміз не? Тағдырды қалай өзгертуге болады? Қандай тілектер орындалады? Материализацияны қалай меңгеруге болады?)
- Бос уақыт (Жағажайдағы ойындар, демалыс, серуендеу)
- Кофе-брейк
- Кейбір күндері «Лила», «Ақша ағыны» сияқты ойындар өткізіледі. Бұл ойындарда әрбір қатысушы өзіне және өз өміріне сырттан қарай алады
- Кешкі ас
- Психологтың күн тақырыбына арналған тренингі
- Төртінші және сегізінші кештер монша процедураларына арналған
- Бос уақыт, ниет білдірушілер үшін консультациялар
- Кофе-брейк

Сенің өмірің - ескі ойларың мен кешегі әрекеттеріңнің нәтижесі. Сенің болашағың сенің бүгінгі ойыңа байланысты.
Біздің бірегей және қарапайым ойлау әдісінің арқасында сен өз өміріңнің нағыз қожайыны атанасың.
- Қарыздар мен несиелерді жабу.
- Өмір серігін табу.
- Жақындармен татулықта болып, үйлесімділікке ие болу.
- Отбасыдағы қарым-қатынасты жақсарту.
- Өз кәсібіңді және армандаған жұмысыңды табу.
Бұл жүрек ашылуларының бастамасы ғана.
Жұрт біздің әлемді мейірімді деп санаса, біз оны мейірімді емес те, жаман да емес деп білеміз. Оның бұзуға болмайтын өз заңдары бар. Ал біз саған осы Заңдарды түсінуге және сол заңдармен үйлесімділікте өмір сүруге көмектесеміз.

Неге біз оффлайн кездесу форматын таңдадық? Себебі біз әрбір адам үшін маңызды ойларды жеткізгіміз келеді, сондықтан бейресми жағдайда, балық аулап, шай ішіп, немесе жағажайда күн сәулесіне бөленіп, өмірдегі маңызды сұрақтарға жауап алу мүмкіндігін ұсынамыз.