ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
«Салттық билер» Almaty театрында

«Салттық билер» Almaty театрында

Сипаттама

Almaty Theatre көрермендердің көңілінен тыс қалмас «Салттық билер» атты балет триптихының тұсаукесерін ұсынады. Режиссер-хореограф Мукарам Авахри мен «Астана Балет» театрының солистері заманның рухани байланысына ден салады.

Бірінші бөлім, Игорь Стравинский музыкасына жазылған «Свадебка», үйлену той мерекесі жай ғана мереке емес, терең мағыналы салт-жораға айналған сәтте жас жұбайлардың іштен тынған ойлары мен сезімдеріне зер салады. Биыл Стравинскийдің «Свадебка» балетіне 101 жыл толып, театрымыз ұлы шебердің туындысындағы ойлар мен ашық әңгімелердің алтын сандығын тағы бір мәрте ашпақпыз.

Екінші бөлім, «QASH» - мәдениеттің ешбір шектеулерге бағынбаушылығы, оның дербестігі мен өзгермелілігі туралы ой-толғау. Халықтардың тарихы бір жазылып, сол қалпында қала береді деп санау қате түсінік, себебі бұл ұғым - әрбір мезетінде ерекше мағынаға толы шексіз импровизация. Екінші бөлімде Chemirani тобының «Le Retour de Molla Nasr’din» композициясы және Муштари Исламованың вокалдық орындауы ұсынылмақ.

Үшінші бөлім, Абылай Әбілқасымұлы музыкасына жазылған «Рух» туындысы көрермендерге ежелгі әлем бейнесін ашып, байырғы ата-бабамыз скифтердің рухын, олардың күн, жел және көк аспанмен терең байланысын сезіндіріп, бойларыңызды күш-қуатқа толыстырмақ.

Би арқылы көрермен өзін-өзі тану үдерісіне беріліп, автордың біздің кім екеніміз және бұл дүниеге не үшін келгеніміз деген маңызды сұрақтарға жауап іздеу туралы жеткізгісі келген ойы ашылады. «Астана Балет» театрының дарынды әртістерінің керемет музыкалық ырғақтары, мәнерлі костюмдері мен шеберлігі көрермендердің қасиетті би әлеміне терең бойлауға мүмкіндік береді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Алматы қ., Almaty Theatre

  • Күні

    2024 жылғы 11-12 шілде

  • Уақыты

    20:00 

  • Хореограф режиссері

    Мукарам Авахри 

  • Орындаушылар

    «Астана Балет» театрының солистері 

  • Жас шектеуі

    6+ 

  • Ұзақтығы

    1 сағат 30 минут

  • Жанр

    концерт

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 11
    Шілде
    Бейс
    Almaty Theatre.
    Зал
    бастап 5000
    бастап 5000
  • 12
    Шілде
    Жұм
    Almaty Theatre.
    Зал
    бастап 5000
    бастап 5000