ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
СИЛЬВА

СИЛЬВА

Сипаттама

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының

ГАСТРОЛІ

Имре Кальман

«СИЛЬВА»

2 бөлімді оперетта

Орыс тілінде орындалады

Либретто авторлары Л. Штейн, Б. Йенбах

Спектакльдің премьерасы 2005 жылғы 6 маусымда өтті

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Режиссер Юрий АЛЕКСАНДРОВ, Ресейдің Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (Ресей, Санкт-Петербор)

Дирижер, музыкалық жетекші Сергей ФЕРУЛЕВ, РФ еңбек сіңірген өнер қайраткері (Ресей, Челябинск)

Балетмейстер Марина ЛЕПИЛИНА (Ресей, Мәскеу)

Сценография мен костюмдер Вячеслав ОКУНЕВ, Ресейдің Халық суретшісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (Ресей, Санкт-Петербор)

Хормейстер Татьяна ШТЫКОВА, «Құрмет» орденінің кавалері

ТАРИХИ АНЫҚТАМА

Венгр композиторы И.Кальманның опереттасы 1915 жылы жазылған. Премьерасы 1915 жылғы 17 қарашада Венадағы «Иоганн-Штраус театрында» өтті. «Королева чардаша» деген атаудан бөлек, неміс тілінен тікелей аударылған «Княгиня чардаша» атауы да кездеседі. Опереттаның Ресейдегі ең бірінші қойылымы Германиямен соғыс (1916) жүріп жатқан уақытта болды, сондықтан опереттаның атауы да, кейбір кейіпкерлердің есімдері де өзгертілді. Содан бері Кеңес Одағында және Ресейде қойылымның көпшілігі «Сильва» деген атаумен сахналанып келеді. Әндердің орыс тіліндегі мәтінінің авторлары В.С.Михайлов пен Д.Г.Толмачев.

ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

Будапешт. Мюзик-холлдың сахнасында және шымылдық сыртында. Гастрольге шығар алдында бұл жерде көпшіліктің сүйікті әншісі Сильва өнер көрсетеді. Оған ғашық ақсүйек офицер Эдвин одан кетпеуін өтінеді, Сильва екеуінің некелесуі мүмкін емес деп есептейді. Князь Эдвин тура сегіз аптадан кейін Сильвамен некеге отырамын деген міндеттеме жазады. Эдвин полкқа кеткен соң Сильва оның графиня Стассимен некелескенін біледі. Князь Воляпюктің Венадағы жекежайындағы бал залы. Эдвин мен Стассидің некесін жариялайтын күні Эдвиннің досы граф Бони Кончиану Сильваны Воляпюктің үйіне ақсүйек әйелі ретінде алып кіреді. Өтіріктің беті ашылады. Ғашықтар жанжалдасады. Қонақ үйдің вестибюлі. Сильва сахнадан кетпекші. Бони Стассиге деген махаббаты үшін Эдвин мен Сильваның кездесуін ұйымдастырмақшы. Қайта кездескен ғашықтар сезімдерін жасыра алмайды. Олар тағдырларын қайта қосуға бел буады.

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera (Камералық зал)

  • Күні

    16 тамыз, 2024

  • Уақыты

    19:00

  • Ұзақтығы

    2 сағат 20 минут

  • Жас шектеуі

    10+

  • Қосымша

    Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 16
    Тамыз
    Жұм
    Astana Opera
    Большой зал-5 (БХ)
    бастап 1000
    бастап 1000