ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
РУХАНИ КЕЛІСІМ ТУРАЛЫ СӨЗ

РУХАНИ КЕЛІСІМ ТУРАЛЫ СӨЗ

Сипаттама

Симфониялық музыка концерті
«РУХАНИ КЕЛІСІМ ТУРАЛЫ СӨЗ»

Отыз жылдан астам уақыт бойы елімізде дәстүрлі түрде атап өтілетін рухани келісім күні (18 қазан) қарсаңында (1992 ж. құрылған) «Астана Опера» театрының сахнасында осы іс-шараға арналған концерт өтеді.

Рухани келісім күні адам өмірінің барлық басқа аспектілерінен руханияттың үстемдігін жариялаған үйлесімділіктің символы ретінде түрлі мәдениеттер мен діни сенімдер арасындағы өзара құрмет, түсіністік пен ынтымақтастықтың маңыздылығын еске салуға арналған. Қарама-қайшылыққа толы заманда елімізде бейбітшілік, ынтымақ, халықтар арасындағы бірлік пен өзара түсіністік мызғымас идея болып табылады.

«Рухани келісім туралы сөз» концертіне Рухани келісім күні идеясының авторы, қоғам қайраткері әрі композитор Төлеген Мұхамеджанов, ұлттық конфессиялардың белгілі қайраткерлері, сондай-ақ «Астана Опера» театрының солистері, Астана қаласы әкімдігінің Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрі қатысады.

БАҒДАРЛАМА:
Н.А.Римский-Корсаков. «Шехерезада»
Т.Мұхамеджанов. «Туған жер»
Т.Мұхамеджанов. Адажио

ОРЫНДАУШЫЛАР:
Солистер:
Руслан Баймурзин (домбыра)
Әділет Азбаев (қыл қобыз)
Бағдат Әбілханов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (скрипка)

Астана қаласы әкімдігінің Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрі

Көркемдік жетекшісі әрі дирижер Абзал Мұхитдин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана, Astana Opera (Үлкен зал)   

  • Күні

    2024 жылғы 16 қазан

  • Уақыты

    19: 00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 30 минут. 

  • Жас шектеуі

    10+

  • Қосымша

    Жас шектеуі 10 екенін ескеріңіз+ Әкімшілік орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 16
    Қазан
    Сәрс
    Astana Opera
    Большой зал-5 (БХ)
    бастап 1000 ₸
    бастап 1000 ₸