«Үйшік»
Сипаттама
«Үйшік» бәрімізге белгілі ертегі. Бұл ертегі басқа ертегілерге қарағанда мағынасы өзгеше. Оқиға орман ішінде тұрған кішкентай ескі үйшікте өрбиді. Онда, ызылдаған шыбын, бақылдауық бақа, шиқылдауық тышқан, секеңдеген қоян, қу түлкі, сұр қасқыр, момын кірпі бәрі келіп паналап көңілді де, бақытты өмір сүріп жатады.
Бір кезде ескі үйшікке қорбаңдаған аю келіп, бірге тұруға өтініш жасайды.
Аюдың сыймайтынын біле тұрса да, олар көңілін қимай үйшікке шақырады. Аю кірген кезде ескі үйшік құлап қалады.
Бірақ аю бәрін біріктіріп қайтадан жаңа үйшік тұрғызады.
Ертегіні сахналай отырып, балаларды достыққа, мейірімділікке, татулыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Өтетін орны
Ақтау қаласы, облыстық қуыршақ театры
Автор
Н. Насырова по Н. Шмитько
Спектакльдің премьерасы
15 сәуір 2022 ж
Қоюшы-Режиссер
ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Н.Насырова
Актерлер
ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Бигашев Е., ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Айтеманова А.
Жанр
Ертегі
Ұзақтығы
30 мин.
Жас шектеуі
3+
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 9ҚарашаСенбМангистауский областной театр кукол.Зал с рассадкойбастап 300 ₸бастап 300 ₸