
Тыраулап ұшқан тырналар
Сипаттама
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Ұлы Отан соғысы... Содан бері қанша жыл өтсе де, ата-бабаларымыздың жасаған ерліктері мен кейінгі ұрпаққа сыйлаған жеңісі кімнің де болсын жадында. Режиссер Талғат Теменов сахналаған «Тыраулап ұшқан тырналар» атты лирикалық драма жеңістен кейінгі совет солдаттарының өмірінен сыр шертеді.
Қойылым бас кейіпкер Пернебек Боранбаев пен неміс қызы Инганың арасындағы кездейсоқтықтан туындаған махаббат тақырыбын көтереді. Осы аралықта адамзатқа ортақ қасиет махаббат пен жауыздық, адамгершілік пен сыйластық, өшпенділік пен сүйіспеншілік, сағыныш пен мейірімділіктің ұшқынын спектакль барысынан көресіздер.
Өтетін орны
Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры (Қалибек Қуанышбаев көшесі, 8/1)
Автор
В.Ежов
Қазақшаға аударған
Ә.Сығай
Қоюшы режиссер
Қазақстанның Халық артисі Т.Теменов
Қоюшы суретші
Ш.Елембаева
Хормейстер
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Жұмашев
Хореограф
С.Сұңғат
Дирижер
Е.Бейсембаев
Премьерасы өткен күн
4,5,6 наурыз 2015 ж
Актерлік құрам
А.Танабаева, , Ә.Бектас, Т.Мейрамов, С.Қашқабаев, Қ.Қыстықбай, Н.Өтеуіл, А.Омар, Д.Егубаева, Б.Ыбыраев, Б.Молдабаев, А.Қапаев, Ж.Төленбаев, Е.Малаев т.б.
Жас ерекшелігі
16+
Ұзақтығы
1 сағат 40 минут
Жанр
лирикалық драма
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 23АқпанбүгінҚ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрыБольшой Залбастап 1500 ₸бастап 1250 ₸бастап 1250 ₸