ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
Сіздің қалаңыз Астана. Дұрыс па?
Иә
Жоқ
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар

Сипаттама

«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар»

вокал классикасының концерті

(Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай)

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ӨТЕДІ

Ұзақтығы 1 сағат 20 минут

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Ұлы Абай Құнанбайұлының өлеңдеріне вокал классикасының кешін Қазақстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және III дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері, профессор Шахимардан ӘБІЛОВ ұсынады.

Концерт Қазақстан композиторлары: А.Жұбанов, Л.Хамиди, Е.Брусиловский, Е.Рахмадиев, Н.Меңдіғалиев, С.Мұхамеджанов, сондай-ақ ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай ақынның өз шығармаларынан орындалмақ.

Әртістің шығармашылық өмірбаянының айрықша кезеңі Абайға арналған. 1981 жылы А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсында ақын бейнесінде сахнаға алғаш шыққан Шахимардан Әбілов бүгінге дейін ұлы Абай шығармаларын орындап қана қоймай, оның шығармашылығын зерттеп жүрген бірден-бір әнші. Шахимардан Әбілов Абай әндері мен оның өлеңдеріне жазылған романстарынан тұратын жеке концерттік бағдарламаларымен Мәскеуде, Лондонда, Парижде, еліміз бен басқа да шетелдік қалаларда өнер көрсетті.

Осы кеште Шахимардан Әбіловпен бірге оның шебер тәжірибесінің қыр сырын үйреніп жүрген жас әншілер де сахна төріне шығады.

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Шахимардан ӘБІЛОВ, Қазақстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Сара САДЫҒҰЛОВА (сопрано)

Нұрсұлтан ӘНУАРБЕК (тенор)

Концертмейстер Раушан БЕСКЕМБИРОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera (Камералық зал. Қ. Байсейітова)

  • Күні

    2025 жылғы 2 наурыз

  • Уақыты

    18: 00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 20 минут

  • Жас шектеуі

    10+

Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэкFreedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэк
Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэк

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 2
    Наурыз
    Жекс
    Astana Opera
    Камерный зал
    бастап 4000 ₸
    бастап 4000 ₸