ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Фортепианолық музыка кеші

Фортепианолық музыка кеші

Сипаттама

«ОПЕРАЛИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ

Фортепианолық музыка кеші

Бекзат Рақымов

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

«Опералия» халықаралық музыкалық фестивалі аясында «Астана Опера» театрында жас болса да танымалдылыққа ие қазақстандық пианист көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты Бекзат Рақымов өнер көрсетеді.

Бекзат Рақымов А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатын (Г.Қ.Қазыбекованың сыныбы), Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясын (Д.В.Рысинаның сыныбы, 2024 ж.) бітірген.

Елордалық көрермен үшін Бекзат Рақымовтың Astana Piano Passion халықаралық байқауында ІІ сыйлық иегері атанып, ғаламат өнер көрсетуі есте қаларлық оқиға болды. Музыканттың қоржынында Мәскеу, Санкт-Петербор, Монтрё, Киев және т.б. қалаларда өткен халықаралық байқаулардың беделді марапаттары (Гран-при және бірінші сыйлықтар) бар.

Бекзат Рақымов жеке концерттерімен «Астана Опера» театрының сахнасында, Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында, Миланның концерт залдарында, Мәскеудегі П.Чайковский атындағы консерваторияның Үлкен залында, мәскеулік Музыка үйінде өнер көрсетті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік симфониялық оркестрімен, В.Спиваковтың жетекшілігімен Ресейдің Ұлттық филармониялық оркестрімен, «Камерата», «Жас дарындар» камералық оркестрлерімен және т.б. өнер көрсетті.

Осы жылдың сәуір айында бас дирижер Эдуард Дядюраның жетекшілігіндегі «Губернаторский» симфониялық оркестрімен Ульяновскіде П.Чайковскийдің оркестр мен фортепианоға арналған бірінші концертін орындады.

БАҒДАРЛАМА:

Й.Гайдн. Фортепианоға арналған №20 соната, до минор (Hob. XVI/20, L. 33)

Ф.Шопен. Полонез, ля-бемоль мажор, op. 53

Ф.Лист. №1 мефисто-вальс

С.Рахманинов. №6, №7 прелюдиялар, op. 23

С.Рахманинов. №2, №5 этюд-картиналар, op. 39

С.Рахманинов А.Володось. Виолончельге арналған сонатадан Andante, op. 19

Ф.Шопен. Andante Spianato және Үлкен салтанатты полонез, ми-бемоль мажор, ор.22

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera (Камералық залы)

  • Күні

    12 шілде, 2024

  • Уақыты

    19: 00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 30 минут

  • Жас шектеуі

    10+

  • Қосымша

    Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 12
    Шілде
    Жұм
    Astana Opera
    Камерный зал
    бастап 4000
    бастап 4000