«Винни Пух немесе Кристофер Робиннің туған күні»
Қойылым Алан Милннің әйгілі
«Винни Пух және бәрі-бәрі-бәрі» балалар кітабына негізделген.
Оқиға Кристофер Робиннің өз туған күніне сыйлық ретінде ойыншық аюды алғаны туралы баяндайды. Әуеліде бұл сыйлық балаға онша қатты ұнамаған еді, бірақ Винни Пух және оның достарымен жақынырақ танысқаннан кейін, баланың өзі де шытырман оқиғаларға кірігіп, ал көрермендер оның туған күндік мерекесінің қонақтарына айналатын болады. Балалар Винни Пух пен оның достары жиі тап болатын жақсы, күлкілі және кейде оғаш оқиғалардың бір мүшесі болмақ. Қуыршақ театрының жанрында құрылған кез келген қойылым балалық қиялды асқақтатып, балаларды күнделікті тұрмыстық жағдайларда да ойын таба білуге үйретеді. Әндер, санамақтар, интерактивті ойындар мен сүйікті кейіпкерлер сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтеріп, балаңызбен бірге күн өткізуге және театрға қайта оралуға тамаша себеп болады!