Расписание кинотеатра Синемакс Шымкент
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

«Паганини мұрасын шебер орындаушылар»

Билет сатып алу

 

«Музыкалық альянс» топтамасы

Концерт

«Паганини мұрасын шебер орындаушылар»

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

«Астана Опера» театры классикалық өнер сүйер қауымды аңызға айналған скрипкашы әрі композитор, туындылары хас шеберліктің нышанына айналған Никколо Паганинидің шығармашылығына арналған бірегей кешке шақырады. Оркестр әртістері техникалық кемелдік пен эмоциялық тереңдікті паш ететін соло скрипкаға арналған 24 капристен тұратын топтаманы (ор.1) орындайды. Жоба авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов.

Осы кеш классикалық музыка бағалаушылары үшін нағыз мерекеге айналмақ. Шабытқа толы хас шеберліктің айрықша әлемін тану мүмкіндігінен қапы қалмаңыздар!

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Н.Паганини. Соло скрипкаға арналған 24 каприс:

Әнел ШӘКІРОВА

Балнұр ҚҰДАЙБЕРГЕН

Шалқар ЖЕЛДІБАЙ

Айя ҒАББАСОВА

Әся НҰРЖІГІТОВА

Бағдат ӘБІЛХАНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Концертке «Астана Опера»  театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано) Салтанат АХМЕТОВА қатысады.

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.