
Vivat Academia!
Сипаттама
ASTANA OPERA Халықаралық опера академиясы
ҰСЫНАДЫ
«Vivat Academia!»
концерті
КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ және ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ
Ұзақтығы: 1 сағат 40 минут
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз.
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
Vivat Academia! концертінде бір сахнада ASTANA OPERA Халықаралық опера академиясының үш шығарылымының (2023, 2024, 2025) вокалистері өнер көрсетеді. 2021 жылы ашылған ASTANA OPERA опера академиясы өзін Қазақстан мен Орталық Азияның опера өнерін дамытуға бағытталған маңызды білім беру және мәдени жоба ретінде танытты. Оның негізгі мақсаты әлемнің үздік сахналарында өнер көрсетуге қабілетті жоғары білікті опера әншілерін даярлау.
Бүгінгі таңда Академия түлектері түрлі театрлар мен концерттік ұйымдарда жұмыс істеуде әрі халықаралық байқаулардың лауреаттары атануда, сондай-ақ опералық спектакльдерде басты партияларды орындауда.
Vivat Academia! концертінің бағдарламасында әлемдік опера классикасының жауһарларымен қатар халық әндері де шырқалады.
Концертке ASTANA OPERA Халықаралық опера академиясының үш шығарылымының (2023, 2024, 2025) солистері қатысады.
Вокал бойынша тәлімгерлер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері
Азамат Жылтыркөзов, Жұпар Ғабдуллина
Фортепиано партиясы
Дина Мирманова, Зарина Бимендинова
Концерт режиссері Сергей Матвеев,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қырғызстанның халық әртісі
Концерт жүргізушісі Айсұлу Тәни
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.
Өтетін орны
Астана қ., Astana Opera (Камералық зал)
Күні
2 мамыр 2025 жыл
Уақыты
19: 00
Ұзақтығы
1 сағат 40 минут
Жас шектеуі
10+
Қосымша
Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 2МамырЖұмAstana OperaКамерный залбастап 5000 ₸бастап 5000 ₸