Сүюші сегіз әйел
Сипаттама
«Сүюші сегіз әйел» - бұл Рождество қарсаңында орын алған кісі өлтірушілікті өздігінен зерттеуді қолға алған әртүрлі буындағы әйелдердің әрекеті туралы баяндайтын көңілді детективті оқиға. Ал бөтен біреудің қолынан ажал құшқан адам ауқатты әулеттің әкесі екен. Бұл оқиға өзінің мазмұнымен әрі әйел кейіпкерлерінің жанжақтылығымен тәмсандырады. Режиссер Вячеслав Виттих орындаған жаңа нұсқасы көрермендерді оқиғанын басынан аяғына дейін қызықтырып ұстайтыны сөзсіз. Қойылым әуен, көркемділік пен тартымдылыққа бай. Қойылымның өзектілігі өзінің шарықтауында, ал күннен кұнге бүкіл әлем бойынша көптеп орындалып жатқан қойылымдар осыған анық дәлел. Пьесаның өзі осы жылы өзінің 60-жылдық мерейтойын тойлайды екен.
Бұл атақты пьесаның авторы - француз жазушысы, драматург, режиссер әрі XX ғасыр актері. Автордың қаламынан жарық көрген бірнеше пьесалар оның атын бүкіл әлемге әйгілі етті. «Сүюші сегіз әйел» комедиялық детективі - 1961 жылы жарық көрген автордың үздік туындыларының бірі. Пьесаның оқиға желісі соншалықты есте қалғыш болуы ондағы жағдайдың Рождество қарсаңында орын алғандығынан болар деп саналады.
Өтетін орны
М. Горький атындағы ГАРДТ сахнасы, Желтоқсан көшесі, 13
Авторы
Роберт Тома
Премьера күні
2021 жылғы 19 қараша
Қоюшы-режиссер
Вячеслав Виттих (РФ)
Қоюшы-суретші
Қанат Мақсұтов
Ұзақтығы
бір үзіліспен 2 сағат
Жас шектеуі
16+
Жанр
трагикомедия
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 21ҚарашаБейсТеатр драмы им. Горького (Астана)Большой залбастап 4000 ₸бастап 2000 ₸