
Өмірімнің әуені: Бану Далишеваның мерейтойлық концерті
Сипаттама
Қазақконцерт Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің әртісі, «Мәдениет саласының үздігі», халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Бану Далишеваның мерейтойлық концертіне шақырады. Бұл ғажайып концертте шынайы сезімдер мен шеберлікке толы сиқырлы да сазды әуендер шырқалады.
Бану Далишева шығармашылық жолында көптеген талантты музыканттарды тәрбиелеп, сол шәкірттері арнайы кеште бір сахнада кездесіп, өз ұстаздарына құрмет көрсету үшін бас қосады.
Көрермендерді не күтіп тұр?
- Флейта аспабының мөлдір әуезді дыбысы - жеке орындау, дуэт, ансамбль, квартет және квинтет;
- Е. Зацепиннің «Көктемгі вальс» шығармасының флейта, фагот және пианино ансамбліне арналған арнайы өңдеуі, сонымен қатар «Гүлдер» ансамблінің би сүйемелдеуі арқылы концертке әсемдік пен шабыт қосатын эксклюзивті музыкалық нөмірлер ұсынылады;
- Іс-шарада халықаралық байқаулардың лауреаттары, симфониялық оркестр мен ансамбль әртістері секілді талантты музыканттар өнер көрсетеді.
Қапы қалмаңыздар! Бұл кеш эмоция, естелік және музыкаға деген шынайы махаббатқа толы болады.
Өтетін орны
Астана қ., Мәңгілік ел, 10/1, QAZAQSTAN ОКЗ
Күні
2 сәуір, 2025 жыл
Басталуы
19: 00
Жанр
концерт
Тұрақ
бар
Жас шектеуі
6+
Кесте
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 2СәуірбүгінQAZAQCONCERTКамерный залбастап 1000 ₸бастап 1000 ₸