Махаббат мәңгі ертегі
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Ғашықтар күніне орай «Махаббат мәңгі ертегі» атты концертін өткізеді. Бұл кеш махаббаттың асқақ сезімін, оның мәңгілік құдіретін музыка тілінде жеткізетін әсерлі кеш болмақ.
Концерт бағдарламасында махаббатты жырлайтын әсем әндер мен сырлы әуендер шырқалады. Ұлттық оркестрмен бірге кеш қонақтары: Нұрғалым Аманбаев, Дамир Садухасов, Анна Садухасова, Мөлдір Айтбай, Шұғайып Сезімханұлы, Айжан Қуанышалиева, Мөлдір Қойшыбаева, Шаттық Уатқан, Ұлжан Ағлақова, Ақылбек Бектасов өнер көрсетеді. Билеттер Tiketon сайтында және оркестр кассасында қолжетімді.
Достармен бөліс
Не хватает информации? Напишите нам, мы добавим!