
Марица (КАТМК)
Сипаттама
Беймаза бөгделердің оның көңілін табу әрекеттерінен шаршаған ауқатты жас жесір қалған граф қызы Марица өзінің тұрмысқа шығайын деп жатқанын газеттерде жария еткісі келген екен. Өзінің күйеу жігіті ретінде «Сыған бароны» опереттасының афишасында есімін тапқан Коломан Зупанды таныстырады. «Жақсы болды. Әлде бар, әлде жоқ, қай жерімен күйеулікке жарамайды? Опереттаға бәрі барып жүрген жоқ шығар». Құрбысы баронесса Виолеттамен бірге қожалығына келген кезде, бір топ сығандар мен алдын-ала жалданған меңгерушісі Тасиллоны көреді. Сығандардың арасында Виолетта отыз жыл бұрын оған ғашық болған Шандор есімді кісіні көреді. Виолетта бөгде біреуге тұрмысқа шыққан кезде, ол сығандарға қосылып кеткен. Ендігіде Виолетта өзінің Шандорға ғана ғашық екенін аңғарады. Сол арада, жақын жерде Коломан Зупанның дәл өзі пайда болады, оған анасы газеттегі атастыру хабарламаны көрсеткен екен.
Венгр-сығандық романтикалық сарындар өзіне тән арманшылдығымен, назымен, импровизациялық безендірулердің ерекше көркемдігімен кейіпкерлердің өзара сезімдері жайлы аса ұғымды дәлдікпен жеткізеді.
Опереттада театрдың жетекші вокалистері, хор мен балет әртістері өнер көрсетеді.
Өтетін орны
Қарағанды қаласы, Бұқар Жырау даңғылы, 32/2. (КАТМК)
Либретто
К. Греков
Премьера күні
2006 жылғы 12 мамыр
Ұзақтығы
2 сағат 15 минут
Жанр
2 актідегі Оперетта
Қоюшы-режиссер
О. Зимин
Қоюшы-балетмейстер
М. Лепилина
Қоюшы Дирижер
Роман Калошин
Қоюшы-суретші
М. Байкенов
Хормейстер
Татьяна Борисовна Штыкова
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 29НаурызСенбKATMKДКГбастап 700 ₸бастап 700 ₸