ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қаракөл
ТілҚаз
контакты
Хосе Каррерас Астанада

Хосе Каррерас Астанада

Сипаттама

Хосе Каррерас. Қоштасу туры.

Көрнекті испан теноры Хосе Каррерас әлемдік қоштасу турыаясында Қазақстанда екі концертін бермек. Кеш әйгілі испан дирижері Дэвид Хименес жетекшілік ететін Симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтеді.

Хосе Каррерастың музыка әлеміндегі орны бір төбе. Барселонадатуған оның музыка мен әнге деген махаббаты жастайынан байқалған. Алғаш рет 8 жасында көптің алдында өнер көрсетті. Мансабын 1970 жылы Барселонадағы Үлкен Лисео театрында бастап, Монсеррат Кабальемен бірге «Норма» операсында өзінің алғашқы тенорлық партиясында дебют жасады. Кабалье жасәншінің талантын байқап, оны «Лукреция Борджианың» үлкен партиясын бірге шырқауға шақырды. Кейін ол Хосенің өнердегі қамқоршысынаайналды.

Ең танымал үш өнерпаздан құралған әйгілі «Үш тенордың» концерттері туралы әңгімелер ендігі аңызға айналып үлгерген. Хосе Карререс болмаса, ұжым қазіргідей бірегей болмас па еді?! Карререс бұл топта атағы мен дарыныөзінен бір мысқал да кем емес Пласидо Домингомен және Лучано Павароттимен өнер көрсетті. Олар екі миллиардтан аса тыңдарманы бар опера әлеміне зор ықпал етті.

Жылдарға жалғасқан шығармашылық жолында Хосе Каррерас әлемдегі ең ірі театрлардың сахналарында ең танымал музыкалық композиторлардың операларында негізгі партияларды орындап, Барселонадағы Олимпиада ойындарының ашылуы жәнежабылу салтанаттарында өнер көрсетті.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Қазақконцерт

  • Күні

    25 маусым, 2025

  • Уақыты

    20: 00

  • Жас шектеуі

    6+

    Бөлісу:

    Кесте
    • Күні
      Өту орыны
      Аймақ
      Ересектерге
      Балаларға
    • 25
      Маусым
      Сәрс
      Гастрольная сцена QAZAQCONCERT
      QAZAQCONCERT
      бастап 35000
      бастап 35000