ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Көкшетау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
ҚАЗАҚКОНЦЕРТ ЖҰЛДЫЗДАРЫ: «БЕЙБІТШІЛІКТІ ЖЫРЛАЙМЫЗ»

ҚАЗАҚКОНЦЕРТ ЖҰЛДЫЗДАРЫ: «БЕЙБІТШІЛІКТІ ЖЫРЛАЙМЫЗ»

Сипаттама

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы Алматы филиалының әртістері Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Бейбітшілікті жырлаймыз» мерекелік концертіне шақырады.

Қан майданда от кешкен батыр бабаларымыздың рухына тағзым етіп, олардың ерлігі мен өшпес өнегесін өнер тілімен жеткізуді мақсат тұтқан концертте майдан даласында дүниеге келген жауынгерлік әндер мен халық жадында сақталған тарихи туындылар және жұлдыздарымыздың ескірмеген есті әндері шырқалады.

Іс-шарада Қазақстанның халық әртістері Алтынбек Қоразбаев, Мақпал Жүнісова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жеңіс Ысқақова, Сүлеймен Ибрагимов, Жанна Орынбасарова, Дильназ Ахмадиева, Мәдениет қайраткері Перизат Омарбекова, Мәдениет саласының үздігі Бибігүл Қилымхан, халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаттары Райым Уайс, Мади Рымбаев, Ербол Нариманұлы, Сая Махамбет және «Азия», «Меломен» топтары өнер көрсетеді.

  • Кеш жүргізушісі ҚР Мәдениет қайраткері Марал Анарбек.
  • Жанды дауыста өтетін концертте Live Band-тің сүйемелдеуі тыңдарманға ерекше әсер сыйлап, кеш атмосферасын айрықша әрлендіре түспек.

«Бейбітшілікті жырлаймыз» - әр әуені соғыс жылдарындағы көзсіз ерлік, үміт пен үрей, батылдық пен қайсарлықты бейнелейтін, өткен мен бүгіннің арасын жалғайтын тағылымды кеш.

Әуезді әндер арқылы тарихымызды жаңғыртатын тамаша кештің куәсі болыңыздар!

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Алматы қ., Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі. Құрманғазы

  • Күні

    6 мамыр 2025 ж

  • Басталуы

    19: 00

  • Жанр

    концерт

  • Тұрақ

    бар

  • Жас шектеуі

    6+

Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кешбэкFreedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кешбэк
Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кешбэк

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 6
    Мамыр
    Сейс
    Құрманғазы атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрі
    бастап 5000
    бастап 5000