
ПЕРИЗАТ ОМАРБЕКОВАНЫҢ «БИ - ПАДИША» ЖЕКЕ КОНЦЕРТІ
Сипаттама
ҚР Мәдениет қайраткері, Мемлекеттік «Шапағат» медалінің және «Құрмет» орденінің иегері, Қазақконцерттің солисі, халықаралық байқаулардың жеңімпазы, атақты биші Перизат Омарбекова сахнадағы 25 жыл мерейтойы аясындағы «Би - падиша» атты жеке концертіне шақырады!
Перизат Омарбекова қазақ және әлем халықтары билерінің орындаушысы, бекзат өнердің биігін бағындырған хас шебер. Венгрия, Чехия, Словакия, Германия, Турция, Швеция, Словения, Франция, Испания, Япония секілді шетелдерде өнер көрсетіп, әлемнің үздік сахналарында ұлттық биіміздің мәртебесін асқақтатқан өнерпаз шәкірт тәрбиелеп, би өнерін жетілдіру жолында қажымай еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаз.
Би өнерінде дара қолтаңбасы бар сахна саңлағы, «қазақтың Алтынайы», «қазақтың Айседорасы» атанып кеткен Перизат Омарбекованың концертінен қапы қалмаңыз!
Өтетін орны
Астана қ., Мәңгілік ел, 10/1, «QAZAQSTAN» ОКЗ
Күні
2024 жылғы 23 наурыз
Басталуы
18:00
Жанр
Халық
Тұрақ
бар
Жас шектеуі
6+
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 23НаурызЖексQAZAQCONCERTКонцертный залбастап 1500бастап 1500