Тұсаукесер! «Кішкентай қасіреттер»
Сипаттама
Спектакльдің қоюшы-режиссері - ГИТИС түлегі, Роман Охлопков. Спектакль А.С.Пушкиннің «Кішкентай қасіреттер» циклінен екі пьесаға негізделген: «Моцарт пен Сальери» және «Тас қонақ».
Бірінші әңгіме қызғаныш пен мақтаныш әсерінен достығы үзілген композиторлар туралы баяндайды. Екіншісі - өмірінде тәуекел мен жазасыздық қатар жүретін ессіз іс-әрекеттерден жасқанбайтын күрделі де қарама қайшы қасиеттерге толы алаяқ тұлға Дон Гуанның өмірі туралы сыр шертеді. Тағдырды ойын етіп, ол кек алудан бас тартып, керісінше оны одан әрі арандатады.
Спектакльде басты кейіпкерлерге алдын ала анықтағыш белгілер асылмайды, жақсылар мен жамандарға бөлінбейді, көрермендерге еркіндік пен өз беттерінше саралауға мүмкіндік ашатындай етіп, барлық кейіпкерлер мен оқиғалар күрделі құрылған: әрқайсымыздың бойымызда Моцарт, Сальери және Дон Гуанның қасиеттері болуы әбден мүмкін.
Қойылымның классикалық нұсқасы болмағанына қарамастан (спектакль пластикалық нөмірлері мол және бірегей хореографиялық шешімі бар заманауи оқылымда қойылған), режиссер Пушкиндік шумақтардың көркемдігін сақтай алды.
Спектакльде көптеген философиялық тақырыптар қозғалған: жақсылық пен жамандық, өмір мен өлім, махаббат пен өшпенділік, құштарлық, қызғаныш, күнә мен өкініш.
Өтетін орны
Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 191, орыс драма театры
Авторы
А.С.Пушкиннің «Кішкентай қасіреттер» циклінен екі пьесаға негізделген: «Моцарт пен Сальери» және «Тас қонақ»
Қоюшы-режиссер
Роман Охлопков
Қоюшы-суретші
Василиса Кутузова
Қоюшы Хореограф
Настася Воронцова
Музыкалық рәсімдеу
Роман Охлопков
Жарық суретшісі
Василиса Кутузова, Дмитриц Хитрик
Жанр
иллюзия жизни
Қосымша
спектакль ГИТИС: шетелдегі орыс театр мектебі жобасы аясында Президенттік гранттар Қорының қолдауымен құрылды
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 15ҚарашаЖұмДрам.театр г. КостанайЗалбастап 1200 ₸бастап 1200 ₸
- 16ҚарашаСенбДрам.театр г. КостанайЗалбастап 1200 ₸бастап 1200 ₸
- 1ЖелтоқсанЖексДрам.театр г. КостанайЗалбастап 1200 ₸бастап 1200 ₸