
«Самға, «Жастар» жұлдыздары» балалар мен жастар шығармашылық ұжымдарының есептік концерті
Сипаттама
Балалар мен жастар шығармашылығы ұжымдарының «Самға «Жастар» жұлдыздары» атты есеп беру концерті Астана қаласында өтеді.
Қазіргі таңда елордалық «Жастар» Сарайында 13-тен астам түрлі үйірмелер бар: би, вокал, түрлі аспаптарда ойнауға үйрететін және басқа да көптеген үйірмелер. Біздің шәкірттеріміз өздерінің балғын балалық шақтағы жастарына қарамастан ерекше дарынды, сахнаға шын ниетімен берілген және көрермендерді ыстық ықыласымен жақсы көріп, ілтипат білдіреді.
Аталмыш іс-шарамыз көрерменді құшақ жая, қошеметпен қарсы алатын скаут клубының интерактивті бағдарламасымен басталады. Сондай-ақ Қазақстан халқының бірлігі күніне орай балалардың көркем сурет көрмесі арнайы дайындалатын болады.
Концерт бағдарламасында «Жастар» Сарайының төменде аталған ұжымдары өнер көрсететін болады:
* «Ровесник» халықтық эстрадалық би ансамблі;
* «М Арт» театр студиясы;
* «Радуга» заманауи және эстрадалық би студиясы;
* «Көңіл сазы» домбыра ансамблі;
* «Время» би театры;
* «Балапан саз» вокалдық ансамблі;
* «ДоStar» заманауи вокал мектебі;
* «Underground music studio»;
* «Сырлы әуен» вокалдық ұжымы;
* «Меруерт» халықтық заманауи би ансамблі;
* «Chromosomes» брейк-данс студиясы.
Өтетін орны
Астана қаласы, Республика даңғылы, 34, «Жастар» сарайы
Күні
2025 жылғы 4 мамыр
Басталуы
12: 00
Ұзақтығы
2 сағат
Жас шектеуі
шектеусіз
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 4МамырЖексДворец «Жастар»Зал (без мест)бастап 1500бастап 1500