
Adamdart инклюзивті театры актёрлері ұсынған мастер-класс
Сипаттама
Театр - бұл тек сахна ғана емес, еркіндік, сенім мен ізденіс кеңістігі. Біз сіздерді adamdart инклюзивті театрының актерлерінен өтетін бірегей шеберлік сабағына шақырамыз. Мұнда әркім тәжірибесіне не ерекшеліктеріне қарамастан өз ойын жаңа қырынан ашуға мүмкіндік алады.
Біздің актерлер - бұл мүмкіндіктері әртүрлі адамдар, кәсіби мамандар мен әуесқойлар, дәстүрлі театр шеңберін бұзып жүргендер. Біз бірге дене, дауыс, кеңістік және өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін жаттығулар, импровизация және шынайы диалог арқылы зерттейміз.
Сізді не күтеді?
Дене мен дауысты ашуға көмектесетін практикалар
Серіктеспен және кеңістікпен жұмыс
Еркін сезінуге көмектесетін импровизация техникасы
Инклюзивті театр актерлерімен өзара әрекеттесу тәжірибесі
Кім қатыса алады?
Жасы мен дайындығына қарамастан, театр әлеміне қадам басқысы келетін баршаға ашық.
18 сәуір күні ArtLab кеңістігінде кездескенше!
Бізбен бірге әркімге қолжетімді театрды ашыңыз!
Өтетін орны
Алматы қ., ArtLab, Сәтбаев к-сі, 22
Өтетін күні
18 сәуір, 2025
Басталуы
17:00
Жанр
Мастер-класс
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 18СәуірбүгінARTLABбастап 4900бастап 4900