ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Ош
ТілҚаз
контакты
ҚАНДАСПЕН ЖЕТКЕН ҚАЗЫНА

ҚАНДАСПЕН ЖЕТКЕН ҚАЗЫНА

Сипаттама

26 сәуір күні Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның «Қорқыт» этно ансамблі «Қандаспен жеткен қазына» атты концертін ұсынады. Концерт филармонияның концерт залында өтеді. Басталуы 17:00.

Ұлттық өнер ұлттың жаны, тарихының тұнбасындай құнды мұрасы. Осы құндылықты ұлықтап, қазақ халқының бай мәдениетін дәріптеу мақсатында Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония мен «БОТА» қолғанат орталығы бірлесіп, «Қандаспен жеткен қазына» атты мәдени шараны ұйымдастырады.

Бұл шараның басты мақсаты қазақтың ұлттық құндылықтарын насихаттау, әсіресе Қобда беті қазақтарының ата жұртқа жеткізген асыл мұрасын таныту. Концерт қазақтың дәстүрлі өнері мен салт-дәстүрлерін, көне әндері мен күйлерін қайта жаңғыртып, бүгінгі ұрпаққа аманат етуді көздейді.

Концерт алдында, сағат 16:00-де, ұлттық өнерді дәріптеу мақсатында қолөнер көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Бұл жәрмеңке қазақ халқының зергерлік өнері мен тұрмыстық бұйымдарын таныстыратын ерекше мәдени алаң болмақ.

Концерттік бағдарлама қазақтың ұлттық мұрасын айрықша ұлықтайды. Кеш барысында «Қорқыт» этно ансамблінің сүйемелдеуімен өнерпаздар қазақтың халық әндері мен күйлерін шырқайды. «Қорқыт» этно ансамблінің көркемдік жетекшісі, Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек.

Шараның мән-маңызын арттыра түсетін тағы бір ерекшелік Монғолия мен Қазақстанның атақты өнерпаздары өздерінің өнерлерін ортаға салады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Аллажар Қайбар, Ерлан Рысқали, Гүлзира Бөкейхан, мәдениет қайраткері Меруеш Башайқызы, Моңғолия мәдениетінің озат қызметкері Хадыхан Манай, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Мұратбек Хайролда өнер көрсетеді. Бұдан бөлек, кешке халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Ықылас Ожайұлы, Өзгеріс Шерікбай, Бауыржан Мұхаметбайұлы, Алтынгүл Бапарқызы, Көркем Шолошова, Амангелді Райхан, Алтынгүл Мұратқызы, Зәуреш Шаяхметқызы, Аманжол Нығмет, Бақытжан Қуатай және тағы басқа өнерпаздар қатысады.

Кештің концерттік бағдарламасына қазақ халқының жүрегінен орын алған «Атамекен», «Самал тау», «Ағажай Алтай», «Керім-ау айдай», «Туған жер», «Дәурен-ай» сынды халық әндері мен күйлері енген. Сондай-ақ, көрермендерге көмеймен айту өнері, сыбызғыда күй орындау секілді сирек кездесетін музыкалық қойылымдар ұсынылады. Бұл кеш қазақ руханиятының жаңа белесі, ұлттық мұраны ұлықтау жолындағы маңызды қадам болмақ.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залы. Е. Рахмадиева

  • Күні

    26 сәуір 2025 жыл

  • Басталуы

    17:00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 20 минут

  • Жас шектеуі

    7+

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 26
    Сәуір
    Сенб
    Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залы
    Зал
    бастап 2000
    бастап 2000