ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Ош
ТілҚаз
контакты
«Наурызым сәнім – Әнім»

«Наурызым сәнім – Әнім»

Сипаттама

​14 Наурыз күні Астана қаласы әкімдігі Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының Халық әні бөлімі «Наурызым сәнім Әнім» атты концерттік бағдарламасын ұсынады. Мерекелік кеш Наурыз мейрамына арналған, көктемнің жарқын шуағы мен халық әндерінің әуенін тоғыстырады.

Концертте халық әндері мен танымал композиторлардың шығармалары орындалып, қазақ халқының бай музыкалық мұрасы насихатталады. Кеш шымылдығы М. Жанболатовтың «Ән домбыра» шығармасымен ашылып, Біржан салдың «Айтбай», «Көкек», Абайдың «Көзімнің қарасы», Әсет Найманбайұлының «Қоңыр қаз» әндері орындалады.

Сондай-ақ, Жақсыкелді Маясаров, Данияр Мұқан, Зинат Қасымова, Алуа Қалымбекова, Айдос Оңғарбай, Нұрайым Ерталапқызы сынды дәстүрлі ән өнерінің майталмандары өнер көрсетеді.

Кеш барысында халық әндерімен қатар, Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар әні», Гүлнар Дәукенованың «Сағым жылдар», А. Жұмашевтің «Наурыз вальсі» секілді шығармалары орындалады.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., филармонияның камералық залы, Абай к-сі, 29

  • Күні

    14 наурыз 2025 жыл

  • Басталуы

    19: 00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 30 минут

  • Жас шектеуі

    7+

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • Басты бетте таңдалған сүзгілер үшін сеанстар жоқ

    Таңдауды өзгертіңіз немесе сүзгілерді қалпына келтіріңіз