ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Павлодар
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
КЕСТЕЛІ ОРАМАЛ

КЕСТЕЛІ ОРАМАЛ

Сипаттама

2025 жылдың 6 мамырында сағат 19:00-де Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның камералық залында Эстрадалық вокал бөлімі мен «Қорқыт» этно ансамблі біріккен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Кестелі орамал» атты мерекелік концерт өтеді. Атаулы күнге арналған бұл кеш қанды майданда ерлік көрсеткен батырларға тағзым ету, сондай-ақ сол заманның рухын қазіргі ұрпаққа жеткізу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Концерттің атауы «Кестелі орамал» кездейсоқ таңдалмаған. Бұл символды атау соғыс жылдарында майданға аттанған жауынгерлерге аналар мен жарлар, қарындастар мен сүйгендері сыйлаған орамалға сілтеме жасайды. Әрбір кестеленген орамал махаббаттың, үміттің және елге аман оралуға деген сенімнің белгісі болған. Сол себепті бұл кеш тек концерт емес, жадымызда жатталған жан тебірентер естелік.

Кешті «Қорқыт» этно ансамблі сүйемелдейді. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек. Қазақтың көне сарындарын жетік меңгерген ұжым бұл кешке айрықша рухани көркемдік бермек.

Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Светлана Айтбаева, Естай Мұқашев, Арайлым Рахымқызы, Гүлнұр Оразымбетова және Халықаралық және Республикалық байқаулардың жеңімпаздары Алтыншаш Мұқатаева,Ақбота Құснадин, Құралай Мейрамбек,Рамазан Елебаев, Диана Май, Айдын Жумабаев, Парасат Отан, Анель Смаилова, Әкімхан Маженов, Қымбат Жамбылбек сынды өнер майталмандары қатыспақ.

Көрермен назарына ұсынылатын туындылар арасында «Ах, Самара городок», «Прощайте, скалистые горы», «Смуглянка», «Катюша», «Майский вальс», «Журавли», «Темная ночь», «Три танкиста» секілді ХХ ғасырдың ең әйгілі жауынгерлік әндері бар. Бұл туындылар көрерменді майдан даласына жетелеп, сол кезеңнің ауыр да айбынды рухын сезіндіреді.

Сонымен қатар, отандық композиторлардың төл туындылары «Бабалар аманаты», «Жас қазақ», «Алия», «Ана туралы баллада», «Жолыңа қарап тұрдым мен», «Кестелі орамал» сияқты шығармалар орындаушылардың шынайы тебіренісіне толы интерпретациясымен көрермен жүрегін толқыта түседі.

Концерттің финалында барлық орындаушылар бір сахнаға шығып, көрерменмен бірге Жеңістің символына айналған әнді Давид Тухмановтың «День Победы» шығармасын орындайтын болады. Бұл ән бірліктің, ерлікке тағзымның және бейбітшілікке деген алғыстың белгісіндей болмақ.

Бұл концерт соғыстан қайтпаған боздақтарға құрмет, аман келген ардагерлерге алғыс, ал бейбіт өмір сүріп жатқан елге береке тілейтін жүректен шыққан үн.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Рахмадиев атындағы ГАФ концерт залы

  • Күні

    6 мамыр, 2025 жыл

  • Басталуы

    19:00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 20 минут

  • Жас шектеуі

    7+

Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кешбэкFreedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кешбэк
Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кешбэк

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 6
    Мамыр
    Сейс
    Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залы
    Зал
    бастап 2000
    бастап 2000