ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Павлодар
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Rock Session Volume 2 Павлодар қаласында

Rock Session Volume 2 Павлодар қаласында

Сипаттама

7 шілде күні «Rock Session Volume 2» рок концерті өтпек.

Бұл GPlay музыкалық даму продюсерлік орталығы ұйымдастыратын осындай форматтағы екінші Rock Session болып табылады.

Павлодар қаласының жас музыканттары танымал рок-хиттер мен өздерінің авторлық композицияларын ұсынбақ. Павлодар қаласының Қазақстандағы рок және андеграунд астанасы атағына көз тігіп отырғаны бекер емес. Мұнда барлық бағыттағы музыкалық мәдениеттің бірегей жұлдыздары өздерінің шығармашылық жолдарын бастайтыны рас.

Құрметті рок сүйер қауым, сіздерді Rock Session Volume 2 концертіне қуана шақырамыз. Жанды дыбыстың жойқын қуатынан оң әсер алу, рок мәдениетінің негізгі топтарының сүйікті хиттерін тыңдау және тамаша уақыт өткізу мүмкіндігінен қапы қалмаңыздар.

Рок концертке Crew, Splitinumm, Summer Station музыкалық топтары қатысады. Кештің басты қонағы - Nexus тобы.

Іс-шара барлық көрермендер үшін жоғары дыбыс пен жайлылық деңгейін қамтамасыз етілген қаланың ең танымал концерт алаңдарының бірінде өтпек.

Нағыз рок-концертке өнердің қуатты түрін терең сезіну үшін 7 шілде күні бізге келіңіздер! Достарыңызды да ұмытпаңыздар!
Rock is alive!

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Павлодар қ., Сәтбаев к-сі, 83, Concert Hall

  • Күні

    7 шілде, 2024

  • Басталуы

    17:00

  • Әртістер

    Rock Session Volume 2, Nexus, Crew, Splitinumm, Summer Station

  • Тұрақ

    бар

  • Жанр

    концерт

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 7
    Шілде
    Жекс
    Concert Hall
    GPlay
    бастап 2000
    бастап 2000