ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Сатпаев
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
ТАЛ БЕСІКТЕН – ЖЕР БЕСІККЕ…

ТАЛ БЕСІКТЕН – ЖЕР БЕСІККЕ…

Сипаттама

16 наурыз күні Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Камералық хоры «Тал бесіктен - Жер бесікке…» атты театрландырылған қойылым ұсынады. Хор қойылымы филармония камералық залында өтеді. Басталуы 17.00.

Қазақтардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі сан түрлі салт-дәстүрлерге, отбасылық, тұрмыстық әдет-ғұрыптарға толы. Олардың барлығы рухани өмірінде көрініс тапқан ежелгі халықтың күрделі және бірегей этникалық мәдениетін қалыптастырады.

Қазіргі хор өнері халық музыкасы мен ұлттық классика дәстүрлеріне негізделген.

«Тал бесіктен Жер бесікке...» қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрыптарына негізделген хор қойылымы. Қойылымда қазақ халқының даналығын, кеңпейілділігін, қонақжайлығын, философиясы мен дүниетанымын ашатын салт-дәстүрлер мен әдет- ғұрыптардың өзіндік кешені драматургиялық тұрғыда құрылған.

Хор әртістері ұлттық киімде, ұлттық нақыштағы сахнада өлеңдерді көркемдеп оқып, Дәулеткерейдің «Қамажай», «Қосалқа» (өңдеген Е. Корабейникова өңдеуі),

«Қуырмаш» (өңдеген: Ә.Әбдінұров), Е.Хасанғалиевтың «Келші, келші балашым», Құрманғазының «Балбырауын» (өңдеген Е. Абылай) хорға арнап өңделген қазақтың халық әндері мен қазақ композиторларының шығармаларын орындайды.

Концертке Камералық хордың жеке орындаушылары Жұбаныш Зетова, Абылай Ерболат, Жандос Байбосынов, Әділ Сұлтан, Ғазиза Жүсіпбекова, Диана Ермағамбетова қатысады.

Камералық хордың көркемдік жетекшісі және бас дирижеры ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Гүлмира Құттыбадамова, дирижер Данара Ташатова, концертмейстер Гүлден Базыкен.

Камералық хор халықаралық байқаулар мен фестивальдердің жеңімпазы, атап айтқанда олардың қатарында «World Choir Games» екі алтын медалі (Латвия, Рига, 2014), «Шабыт» XVII халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің бас жүлдесі (Қазақстан, Астана, 2014), «Budapest International Choral Celebration» халықаралық хор фестиваліне қатысу (Венгрия, Будапешт, 2015), «The Heart of Chorus 2019» халықаралық фестивалінің бас жүлдесі (Қытай, 2019) Lakshminarayana Global Music Festival (Үндістан,2024), және т.б. бар. Осы жеңістердің барлығы ұжымның кәсібилігі мен шеберлігін айқын көрсетеді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., филармонияның камералық залы. Абай, 29

  • Күні

    16 наурыз 2025 жыл

  • Басталуы

    17:00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 30 минут 

  • Жас шектеуі

    7+

  • Жанр

    театрландырылған хор қойылымы

Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэкFreedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэк
Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэк

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 16
    Наурыз
    Жекс
    Государственная академическая филармония имени Еркегали Рахмадиева, Камерный зал
    Камерный зал
    бастап 3000
    бастап 3000