
«ŞAM» театры «Конференция» спектаклімен Шымкент қаласында
Сипаттама
Копенгаген төріндегі интеллектуалды қызу талқылауға әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған ойшылдар шығыстанушы, теолог, саясаттанушы, журналист, ақын және басқалары адамзаттың мәніне қауіп төндірген әлемдік гуманитарлық мәселелерді көтереді. Зал адамзат шеккен азаптар үшін кім кінәлі деген қызу пікірталастармен толады. Шиеленіс арта түсіп, талқылау терең ішкі психологиялық тартысқа айналады. Спикерлер өз жандарын жалаңаштай отырып, жүректі тербейтін жеке оқиғаларымен де бөліседі. Спектакль жеке трагедиялардың ғаламдық сын-қатерлермен тоғысатын нүктесі ретінде көрерменді әлемдегі өз ролін айқындауға деген терең пайымға шақырады.
Өтетін орны
Шымкент қаласы, шымсити шағынауданы, 101/1, Tulip hall
Спектакльдің авторы
Иван Вырыпаев
Премьера күні
24 Қыркүйек 2023 жыл
Қоюшы Режиссер
Фархад Молдағали
Актерлер
Филипп Расмусен – Нұрғиса Қуанышбайұлы, Даниел Кристенсен – Асан Мажит, Оливер Ларсен – Ерлан Біләл, Магнус Томсен – Дархан Сүлейменов, Астрид Петерсен – Ақбота Рахат, Эмма Шмидт-Паулсен – Самал Еслямова , Густав Йенсен – Еркебұлан Дайыров, Августин әкей – Азамат Сатыбалды, Паскуаль Андерсен – Сағызбай Қарабалин, Шырын Ширази – Зарина Кармен
Жанр
конференция
Ұзақтығы
2 сағат, 30 минут
Жас шектеуі
16+
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 27АқпанБейсTulip hallTULIP HALLбастап 5000 ₸бастап 5000 ₸