
«Танакөз» Шымкентте
Сипаттама
«Танакөз» поэмасының негізгі арқауы достық пен махаббат. Майдан даласында қан кешіп жүрген екі әкенің адал достығы олардың ұрпағына қонды. Екі ананың ақ батасы әкесіз қалған екі ұлдың әрі қарай өсіп-өркендеуіне жол ашты. Басты кейіпкерлердің өмір сүрген ортасымен соғыстан кейінгі шындығы, әкеге деген сағынышы мен анаға деген құрметі, бір-бірінен жан аямас үш достың қарым-қатынасы аясында шығармада сәтті көрініс табады.Екі дос пен Танакөздің арасындағы достық қаншама тар жол, тайғақ кешуден өтсе де, бұзылмады. Бұл адал достар туралы дастан. Баршаға үлгі болатын жыр. Мұхтар Шахановтың «Танакөз» поэмасы қазақ поэзиясының озық үлгісі ретінде әдебиетіміздің алтын қорына енген жауһар шығармалардың бірі.
Өтетін орны
Шымкент қаласы, Ж.Шанин атындағы қазақ драма театры, Нұрсұлтан Назабаев даңғылы, 6
Авторы
Мұхтар Шаханов
Режиссері
Али Бидахметов
Костюм суретшісі
Арман Темиртасов
Жанр
мелодрама
Жас шектеуі
14+
Ұзақтығы
1 сағ. 20 минут
Жүргізілетін тіл
қазақша
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 19СәуірСенбШанин атындағы қалалық қазақ драма театрыЗалбастап 3000 ₸бастап 3000 ₸
- 20СәуірЖексШанин атындағы қалалық қазақ драма театрыЗалбастап 3000 ₸бастап 3000 ₸бастап 3000 ₸