
«РОЗА БАҒЛАНОВА» МЮЗИКЛІ
Сипаттама
«ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры «Роза Бағланова» мюзиклына шақырады!
Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында өткен XVII Халықаралық мюзикл фестивалінде «Үздік халықаралық мюзикл» және «Үздік әйел бейнесі» атты екі беделді марапатқа ие болған спектакль сахнаға оралмақ! Мюзикл талант пен Отанға деген сүйіспеншіліктің символына айналған күміс көмей әншінің тағдыры туралы сыр шертеді.
Көрерменнің жоғары бағасын алған сәтті қойылым КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы Роза Бағлановаға арналған.
Роза Бағланова - есімі Қазақстан және әлемдік музыкалық мәдениет тарихына алтын әріппен жазылған тұлға. Оның үні Ұлы Отан соғысының майданында жауынгерлердің рухын көтеріп, Кеңес Одағының шалғай жерлеріне, одан шекара асып, Берлиннен Пхеньянға, Прага мен Бухараға дейін жеткен. Бірнеше тілде тамылжыта ән салған Роза Бағланованың орындауындағы қазақ халық әндері ұлы даламыздың үнін жеткізіп, ел тарихынан сыр шертіп, халықтың мұңын бейнелегендей.
Мюзиклдың әрбір көрінісі - әнші өмірбаянының тек эпизоды ғана емес, шексіз таланты, мықты рухы және Отанға деген шексіз махаббаты көрініс тапқан шынайы эмоциялар.
Көрермен тек әншінің шығармашылық жолының жарқын тұстарын ғана емес, сонымен қатар терең жеке сезімдері, майдан күндері, шығармашылық жетістіктері мен өнерге деген жанқиярлық қызметіне куә болады. Театр әртістері үнімен миллиондаған жанның жүрегінен орын тапқан, ең қиын сәттерде үміт сыйлаған аты аңызға айналған әншінің бейнесін әсерлі музыкалық нөмірлер, жүрек тебірентер монологтар мен кербез хореография арқылы жеткізеді.
Театр өнерінің заманауи технологиялары, кәсіби актерлар, режиссерлік, музыкалық және ерекше хореографиялық шешімдер, соғыс жылдарындағы танымал әндер көрерменге ерекше атмосфера сыйламақ.
Музыка мен өнер тілінде айтылған тарихтың куәгері болыңыз!
Өтетін орны
Астана қ., Мәңгілік ел, 10/1, «QAZAQSTAN» ОКЗ
Күні
2025 жылғы 9 мамыр
Басталуы
19: 00
Жанр
мюзикл
Тұрақ
бар
Жас шектеуі
6+
Қосымша
Мюзикл қазақ тілінде өтеді
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 9МамырЖұмQAZAQCONCERTКонцертный залбастап 1000бастап 1000