Тышқандар
Сипаттама
Таңғажайып ертегі ірімшік қайнататын орынның ішіндегі ақ тышқандар мен қоңыр тышқандардың жанұясымен таныстықтан басталып, кейін екі отбасының арасындағы тұрғылықты орынға деген талас-тартыспен өрбіп, дамиды. Қойылымда қоңыр тышқандардың Шома деген ұлы мен ақ тышқандардың Фружи деген қызының бір-бірін ұнатып қалуы сәтінен бастап, ертегі соңына дейін таңғажайып оқиғалар орын алып отырады. Ата-анасының көңілін табуды ойлаған екі дос Ұлы сиқыршы-мысықтың көмегіне жүгініп, бірі ақ тышқанға, екіншісі қоңыр тышқанға айналып кетеді. Түрлері өзгерген бала тышқандарды ата-анасы қабылдай алмай, балалықтары үлкен дауға ұласады. Екінші рет түр өзгерту мәселесімен Ұлы сиқыршы-мысықтың алдына қайта келсе, екі дос тышқан тірі қалмайтындарын білетіндігі тағы бар. Оқиға сәтті аяқталу үшін қандай сиқыр орын алады деп ойлайсыз? Тату-тәтті бала тышқандардың романтикалық хикаясы қалай аяқталмақ? Достық пен махаббаттың түрлі қиындықтарды, өмір өткелдерін қалай жеңгенін білгіңіз келсе, сыйластық пен адалдыққа шақыратын ертегіні көруге асығыңыздар.
Өтетін орны
Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 185, Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры
Авторы
Дюма Урбан
Премьера күні
01.10.2016ж
Режиссер
Еркін Тазболатов
Ұзақтығы
40 минут
Жас санаты
3+
Жанр
ертегі
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 16ҚарашаСенбКонцертный зал «Аманат»Актовый залбастап 700 ₸бастап 700 ₸