
КӨКТЕМ ӘУЕНДЕРІ
Сипаттама
Өтетін орны: Астана қ., филармонияның камералық залы, Абай к-сі, 29
Күні: 16 наурыз 2025 жыл
Басталуы: 17: 00
Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут
Жас шектеуі: 7+
2025 жылғы 15 наурыз күні Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның камералық залында «Сарыарқа» халық музыка ансамблі «Көктем әуендері» атты концерттік бағдарламасын ұсынады. Көктемнің шуағы мен табиғаттың жаңаруын музыка тілімен бейнелейтін кеш көрермендерге эстетикалық ләззат сыйлайды. Басталуы 16.00 де.
«Сарыарқа» халық музыка ансамблінің примақобызда солистері Гүлдара Нариман, Венера Дүйсенбекова көрермендерге «Көктем», «Көктем лебі», «Мұң»,«Playtime», «Дивертисмент» сынды шығармаларды өз шеберліктерімен паш етеді.
Концерт бағдарламасына қазақ және шетел композиторларының танымал шығармалары енгізілген. Әлемдік классикаға арналған бөлімде Антонио Вивальдидің атақты «Весна» шығармасы орындалып, тыңдаушыларды табиғаттың ояну сәтіне жетелейді. Сонымен қатар, Мұқан Төлебаевтың «Мерекелік би» және Ғазиза Жұбанованың «Утро в горах Таутургень» шығармалары ұлттық музыкамен үндеседі.
Фортепиано партиясында Назерке Махметова өнер көрсетеді. Олардың орындауында Дмитрий Шостаковичтің «3 пьесы», Астор Пиацолланың «История танго» және Яннидің «Прелюдия и ностальгия» шығармалары шырқалады.
Кештің шарықтау шегі ретінде Иоганн Штраустың «Марш Радецкого» шығармасы орындалып, көрермендерді жарқын көңіл-күйге бөлемек.
«Сарыарқа» халық музыка ансамблінің бұл концерті көктемнің әсемдігін сезінуге, классикалық және халықтық музыка әлеміне сапар шегуге мүмкіндік береді.
"Сарыарқа" фольклорлық ансамблі 1998 жылы Мәдениет қайраткері Нұрлан Хамзиннің басшылығымен ұйымдастырылған. Ұжымның көркемдік жетекшісі Тоғжан Жахин. Ансамбль репертуарында-қазақ халқының бай мұрасы: халық, халық-кәсіби және академиялық музыка.
"Сарыарқа" ансамблінде жоғары кәсіби музыканттар жұмыс істейді, олардың қолында ежелгі және қазіргі заманғы қазақ аспаптары тамаша әрі әуенді: қобыз, сыбызғы, шан-қобыз, саз-сырнай, жетіген, домбыра, адырна, шертер, дабыл, дауылпаз, қоңырау, асатай, тұяқтас, қобыз-прима, домбыра-контрабас. Сондай – ақ аспап құрамында-баян және блок-флейт бар.
Өтетін орны
Астана қ., филармонияның камералық залы, Абай к-сі, 29
Күні
16 наурыз 2025 жыл
Басталуы
17: 00
Жас шектеуі
7+2025 жылғы 15 наурыз күні Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның камералық залында «Сарыарқа» халық музыка ансамблі «Көктем әуендері» атты концерттік бағдарламасын ұсынады. Көктемнің шуағы мен табиғаттың жаңаруын музыка тілімен бейнелейтін кеш көрермендерге эстетикалық ләззат сыйлайды. Басталуы 16.00 де.«Сарыарқа» халық музыка ансамблінің примақобызда солистері Гүлдара Нариман, Венера Дүйсенбекова көрермендерге «Көктем», «Көктем лебі», «Мұң»,«Playtime», «Дивертисмент» сынды шығармаларды өз шеберліктерімен паш етеді.Концерт бағдарламасына қазақ және шетел композиторларының танымал шығармалары енгізілген. Әлемдік классикаға арналған бөлімде Антонио Вивальдидің атақты «Весна» шығармасы орындалып, тыңдаушыларды табиғаттың ояну сәтіне жетелейді. Сонымен қатар, Мұқан Төлебаевтың «Мерекелік би» және Ғазиза Жұбанованың «Утро в горах Таутургень» шығармалары ұлттық музыкамен үндеседі.
Жас шегі
7+
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 15НаурызертеңГосударственная академическая филармония имени Еркегали Рахмадиева, Камерный залКамерный залбастап 3000бастап 3000