ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Өскемен
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
THE QUEEN SYMPHONY

THE QUEEN SYMPHONY

Сипаттама

Әлемде «Queen» және «Deep Purple» британдық рок-топтарының әндерін естімеген адам сирек болар, себебі олардың музыкасымен тыңдаушылардың бірнеше буыны өскен. Сіздерге осы атақты әуендердің жаңа академиялық өңдеулерін заманауи композиторлардың шығармашылығында ұсынамыз.

27 наурызда Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның үрлемелі оркестрі «Queen symphony» концертін ұсынады. Концерт бағдарламасында британдық композитор Толга Кашифтің «Queen symphony» және жапон композиторы Toshihiko Sahashi-дің «Deep purple medley» орындалады. Концерт филармонияның концерт залында өтеді (Кенесары 32), басталуы сағат 19:00.

Британдық композитор Толга Кашиф жазған «Queen symphony» аңызға айналған «Queen» тобының 13 әнін қамтиды, олардың интонациясы әлемнің кез келген бұрышында танылады. «Queen» тобының жетекшісі Фреди Меркьюри: «Мен музыкамнан әркім өзіне тән нәрсені таба алса екен деймін», - деп айтқан болатын. Толга Кашиф осы сөздерден шабыт алып, өз симфониясын жазды. Бұл шығарманың алты бөлімі автордың жаңа көзқарасымен, толық қайта ойластырылған, «Queen» тобының шығармашылығының жаңа бейнесі. Шығарма оркестр, хор және солистер (скрипка, виолончель, фортепиано) үшін жазылған. Симфонияның премьерасы 2002 жылы Лондондағы Royal Festival Hall сахнасында Фреди Меркьюридің анасы және «Queen» тобы мүшелерінің қатысуымен өтті.

Toshihiko Sahashi «Deep purple medley» шығармасы 1968 жылы Джон Лорд пен Ричи Блэкмор құрған тағы бір аңызға айналған Deep Purple рок тобына арналған. Классикалық өңдеуде топтың ең үздік шығармалары «Burn», «Highway Star» және «Smoke on the Water» ұсынылады. Көрермендер үшін нағыз тосынсый композитор Toshihiko Sahashi-дің бірегей дыбысымен ерекшеленетін керемет өңдеуі.

«The Queen Symphony» концертінің бағдарламасы бірқатар стильдердің бірігуін көрсетеді және бұл музыкалық эксперимент музыканттар мен тыңдармандарға эстетикалық қуаныш сыйлайды!

Концертке келесі филармония ұжымдары қатысады:

Қ. Жұмакенов атындағы үрлемелі окрестр.

Көркемдік жетекшісі Никита Почиталин

Бас дирижер «Құрмет» орденінің иегері Дархан Рахымғалиев

Камералық хор

Көркемдік жетекшісі және бас дирижер ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Құттыбадамова.

Бас хормейстер халықаралық байқаулардың лауреаты Данара Ташатова.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., ГАФ концерт залы. Е. Рахмадиева.

  • Күні

    27 наурыз 2025 жыл

  • Басталуы

    19: 00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 20 минут

  • Жас шектеуі

    7+

  • Жанр

    концерт

Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэкFreedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэк
Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэк

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 27
    Наурыз
    Бейс
    Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залы
    Зал
    бастап 3000
    бастап 3000