Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залы
Күні | Уақыт | Зал | Бағасы | |
---|---|---|---|---|
19.11.2024 | 19:30 | Зал | от 3 000 тг. | Cатып алу |
Күні | Уақыт | Зал | Бағасы | |
---|---|---|---|---|
20.11.2024 | 19:30 | Зал | от 3 000 тг. | Cатып алу |
Күні | Уақыт | Зал | Бағасы | |
---|---|---|---|---|
23.11.2024 | 17:00 | Зал | от 5 000 тг. | Cатып алу |
Күні | Уақыт | Зал | Бағасы | |
---|---|---|---|---|
02.12.2024 | 19:30 | Зал | от 5 000 тг. | Cатып алу |
Күні | Уақыт | Зал | Бағасы | |
---|---|---|---|---|
04.12.2024 | 19:00 | Зал | от 5 000 тг. | Cатып алу |
Күні | Уақыт | Зал | Бағасы | |
---|---|---|---|---|
13.12.2024 | 19:30 | Зал | от 6 000 тг. | Cатып алу |
Күні | Уақыт | Зал | Бағасы | |
---|---|---|---|---|
15.12.2024 | 18:00 | Зал | от 3 000 тг. | Cатып алу |
Күні | Уақыт | Зал | Бағасы | |
---|---|---|---|---|
16.12.2024 | 20:00 | Зал | от 4 000 тг. | Cатып алу |
Күні | Уақыт | Зал | Бағасы | |
---|---|---|---|---|
17.12.2024 | 19:00 | Зал | от 7 000 тг. | Cатып алу |
Мекен-жайы: ҚР, Астана қ., Кенесары к-сі, 32.
Байланыс телефоны: 8 (7172) 75–23–83
8 (7172) 75–22–00
8 (7172) 32-53-12
Велопарковка: «Азия» БО алдында, Мұхтар Әуезов, 8 – Мухтар Ауэзов
Тұрақ: 30 орындық тұрақ. Тегін. Әзірбайжан Мәмбетов көшесі жағынан кіру.
Кіру: Кенесары көшесі
Касса: 8 (7172) 75-23-60
Буфет: бар
Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония. Нұр-Сұлтан қаласындағы жетекші концерттік-ағартушылық мекеме.
Филармония құрамында 11 шығармашылық ұжым бар: Қазақ оркестрі, Симфониялық оркестр, Үрлемелі оркестр, Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті, Камералық хор, «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі, «Шалқыма» халық биі ансамблі, «Қорқыт» этно-ансамблі, классикалық және эстрадалық вокал бөлімі, халық әні бөлімі, «Әлем» эстрадалық би ансамблі. Филармония директоры – ҚР Мәдениет қайраткері Ерлан Дәкенов, көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Құттыбадамова.
Источник фото: https://www.google.kz/travel
Құрылу тарихы
Елордалық филармонияның тарихы 1997 жылы басталды.
Ғимараттың тарихы 20 ғасырдың ортасынан басталады. Елорданың ескі бөлігінің орталығында орналасқан сәулет ескерткіші Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің алдындағы қала алаңының ансамблін көркемдеп тұр. Құрылысы КСРО Министрлер кеңесінің шешімімен басталып, 1963 жылы аяқталды. Латвиялық сәулетшілер Петерис Фогельс, Ольгертс Крауклис, Дайне Даннебергтің туындысы Тың игерушілер сарайы деп аталған. Іргелес аумақпен бірге ғимарат 32 гектар аумақты алып жатыр. Тың игерушілер сарайы сол кезде көлемі мен жабдықталуы бойынша Кремль съездері сарайынан кейін КСРО-да екінші болып саналды.
Ол кезде көрермен залына екі мыңнан астам адам сиятын еді. 1999 жылы Тың игерушілер сарайының атауы Конгресс-холл деп өзгертілді, онда Қазақстанның жас астанасының көптеген айтулы іс-шаралары өткен. Бүгінде тарихи ғимарат Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония артистерін сахнасына жиған, қаладағы музыкалық мәдениет ошағына айналды. 2022 жылы Мемлекеттік академиялық филармонияға қазақтың белгілі композиторы Еркеғали Рахмадиевтің есімі берілді.
Елордалық филармонияның миссиясы – әртүрлі бағыттағы музыкалық шығармаларды насихаттай отырып, ағартушылық биік қызметті атқару. Бұл астананың мәдени кіндігі әрі темірқазығы. Ағартушылық және мәдени құндылықтарды насихаттау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, ұлттық және әлем өнерінің рухани мұрасын сақтау және молайту – осының бәрін астаналық филармония толық көлемде орындайды.
Источник фото: https://yandex.com/
Филармонияның 1600 орындық концерт залы барлық әлемдік стандарттарға сай. Сахна өлшемі 20-дан 15 метрге дейін, биіктігі 15 метрге дейін. Ыңғайлы грим жасау бөлмелерінде, оның ішінде «люкс» кластағы бөлмелерде артистерге қолайлы жағдай жасалған. Сонымен қатар, дайындық өткізуге арналған оркестрлік және хореографиялық залдар да бар. Филармония сахнасында классикалық музыкадан эстрадаға дейінгі әртүрлі жанрдағы концерттер өтеді және көбінесе театр алаңы ретінде қолданылады. Отандық және шетелдік театрлар гастрольдік бағдарламалармен жиі келіп тұрады.
Үлкен фойеге терезелердің арқасында күндізгі табиғи жарық түсіп тұрады, сондай-ақ көрмелер мен конференцияларды, камералық концерттерді өткізуге ыңғайлы жоғары сапалы жасанды жарықпен жабдықталған.
Источник фото: http://kipyat.com/en/places/show/451
«Тикетон» сервисінде алдағы іс-шаралармен танысып, Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның кез келген іс-шарасына билеттерді үйден шықпай-ақ, жылдам әрі оңай, онлайн сатып ала аласыз!