ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Жаркент
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
ӘУЕЛЕТІП ӘН САЛСАМ…

ӘУЕЛЕТІП ӘН САЛСАМ…

Сипаттама

2025 жылдың 29 сәуір күні сағат 19:00-де Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында Қазақ оркестрінің ұйымдастыруымен Шахимардан Әбіловтің шығармашылығына арналған «Әуелетіп ән салсам…» атты концерті өтеді.

Шахимардан Қайдарұлы Әбілов қазақтың опера өнерінің ұлы шебері, Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты әрі ұстаз. 1950 жылы 23 сәуірде Павлодар облысының Шарбақты ауданында дүниеге келген Шахимардан Әбілов музыкаға деген сүйіспеншілікті бала кезінен бойына сіңіріп, өнерге деген құштарлығы арта түсті. Ол өзінің шығармашылық жолын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының вокал факультетінде білім алудан бастады. Оқу орнын 1974 жылы үздік дипломмен аяқтады. Кешікпей, Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрына қабылданып, сол жерде өз өнерін шыңдай бастады.

Шахимардан Әбіловтің опера сахнасындағы жетістіктері мен оның әншілік шеберлігі көптеген мемлекеттік марапаттарға ие болды. Ол Қазақстанның ең жоғары мәдени марапаттары мен ордендеріне, сондай-ақ, халықтың көңілінен шыққан өнері үшін халық әртісі атағына ие болды. Әбіловтың шығармашылығы қазақ мәдениетінің алтын қорына айналып, оның есімі өнер сүйер қауымның есінде мәңгі сақталады. Бұл кеш қазақтың опера өнері мен халық әндерінің ұлы шебері, Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шахимардан Әбіловтің жарты ғасырлық шығармашылығының жемісі болмақ. Ұлы ұстаздың өнері тұтас бір дәуірдің бейнесін қалыптастырып, оның орындауындағы классикалық ариялар мен халық әндері тыңдарманды терең сезімдерге бөлеуге бағытталған.

Концерт бағдарламасында қазақтың ұлттық музыкасының асыл мұралары «Қаракесек», «Қорлан», «Сұрша қыз», «Абайдың ариясы», «Шапибай-ау» секілді туындыларын Сара Садығұлова көрермендерге паш етеді. Сүйемелдейтін Е. Рахмедиев атындағы Мемлекеттік филармонияның Қазақ оркестрі. Көркемдік жетекші және бас дирижер Айтқали Жайымов, дирижер Нұрлан Бекенов.

Бұл кеш тек концерт қана емес, қазақ музыкасының үздік үлгілерін ұлықтау және ұлы өнер иесінің шығармашылығына арналған ерекше ескерткіш.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залы. Е. Рахмадиева

  • Күні

    29 сәуір 2025 жыл

  • Басталуы

    19: 00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 20 минут

  • Жас шектеуі

    7+

Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кешбэкFreedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кешбэк
Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кешбэк

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 29
    Сәуір
    Сейс
    Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залы
    Зал
    бастап 3000
    бастап 3000