97 человек за последний час интересовались этим событием.

Жер төресі, жыр еркесі - Көкшетау

Купить билеты

14 қазан күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмол облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары Қазақстанның басты қалаларының бірі – Астана қаласында Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясымен ынтымақтастық меморандум аясында «Жер төресі, жыр еркесі - Көкшетау» атты концертін береді.

Кешегі сал-серілер дүбірлетіп өткен, ән мен жырдың мекені атанған Көкше елінің күміс көмей әншілері, К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, (бас дирижері Жанат Рашит), «Гәкку» би ансамблі (жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» Гүлмира Ордабаева) астаналық ән сүйер қауымға туған жерінің сұлулығын суреттейтін, Арқаның әдемі әні мен биінен тұратын  қанықты концерттік бағдарламасын ұсынады.

Көгілдір Көкшенің әдемі әні мен Сарыарқаның сазды әуені ескен концерттік бағдарлама барлық жастағы көрермендерге   арналған, жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды.