rebranding
Теперь вы можете подписаться на анонсы Аида Гайстенова
Мы можем уведомить Вас о выходе новых событый.

Аида Гайстенова

Аида Гайстенова

Туған күні
21.05.1994 (30), Щучинск
Мамандықтар

Лақап аты
Гайс

Зодиак белгісі
Торпақ


Аида Гайстенова - Қазақстанның қабырғасы қатайып келе жатқан футбол жұлдызы.

Спорттық жолы

Кішкентай кезінен Аида Гайстенова түрлі спорт түрлеріне қызығушылық танытты, олардың арасында теннис, жеңіл атлетика, баскетбол және биатлон болған екен. Бірақ бір күні ол футбол секциясына келіп, спорттың осы түрімен кәсіби түрде айналысқысы келетітін түсінді. 12 жастан бастап ол спорттық Олимпқа көз тіге бастады. Оған бірінші қадамы «Оқжетпес» командасы болды. Кейін ол оны «Астана» командасына ауыстырып, Қазақстан әйелдер құрамасына аттанды.

2017 жылдан бастап ол СШВСМ-Барыс командасында ойнады. Ал келесі жылдың 21 ақпанында «Енисейге» (Красноярск қ.) көшті. Бұл оқиға еліміздің спорттық өмірінде тарихи оқиға болды, себебі бұған дейін мұндай сәт болған емес.

2019 жылы Пермьдегі «Звезда-2005» ФК-ға кетті. Аида Гайстенова әйелдер футболынан Ресей чемпионатында Ресей көшбасшысының «Рязань-ВДВ» командасына қарсы дебюттік голын соғып, жеңіске жетті. Пермьдік клубпен 12 айға келісімшартқа қол қойылғаны белгілі. Қыздың өзі команданың таңдауына риза. Оның жоспарында - Еуропа стадиондарын бағындыру.

Аида Гайстенова: отбасылық өмірі

Жас спортшыны қоғамда танымал әріптестері, сондай-ақ хоккейшілер, режиссерлер, рэперлер, дизайнерлер мен блогерлер жиі байқайды. 2018 жылы Astana.FM радиосының эфирінде оның басы бос екенін айтқан болатын. Жеке өмірі туралы нақты ақпарат жоқ.

Қызықты фактілер

  1. Гайстенова әлемдегі ең тартымды футболшы қыздардың ондығына кірді.
  2. Ол Instagram-да өте танымал, оның парақшасына 3 мыңнан астам адам жазылған.
  3. Хоккей, гольф, бейсбол, американдық футбол және т.б. ұнатады