rebranding

Кішкентай ханзада

Қанша рет оқысаң да, қызығы өшпес және мағынасы тозбас туындылар көп. 1943 жылы алғаш рет басылып шыққаннан бері бұл туынды әлемдегі ең кеңінен таралған және оқылған кітаптардың қатарына кіреді. Оның авторы, француз ұшқышы және жазушысы, жан дүниесіндегі балалықты сақтаған тұлға. «Кішкентай ханзада» кітабы ұшқыштың басқа планетадан келген кішкентай ханзадамен кездескені туралы баяндайды.

Француз авторы Антуан де Сент-Экзюперидің ең танымал аллегориялық туындысы - «Кішкентай ханзада» ертегісі бойынша қойылым. Режиссер: Нұржігіт Мүслімов. Театрдың көркем жетекшісі - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Қабатов.