rebranding

Фортепианолық музыка кеші Александр Кутузов

«ОПЕРАЛИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ

Фортепианолық музыка кеші

Александр Кутузов

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

«Опералия» халықаралық фестивалі аясында «Астана Опера» театрында жас болса да танымалдылыққа ие пианист – көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты Александр Кутузов өнер көрсетеді.

Елордалық көрермен үшін пианистің Astana Piano Passion халықаралық байқауында бірінші сыйлық пен гран-при иегері атанып, ғаламат өнер көрсетуі есте қаларлық оқиға болды. Музыканттың қоржынында Мәскеу, Санкт-Петербор, Монтрё, Киев және т.б. қалаларда өткен халықаралық байқаулардың беделді марапаттары (Гран-при және бірінші сыйлықтар) бар.

Пианист Гамбург, Мюнхен, Вена, Милан, Венеция, Париж, сондай-ақ Ресей, Беларусь және Украина қалаларында гастрольдік сапарда болды.

Жеке концерт бағдарламасында классик композиторлар – Сергей Рахманинов пен Роберт Шуманның туындылары шырқалады.

БАҒДАРЛАМА:

Р.Шуман. Фортепианоға арналған «Оркестрсіз концерт» № 3 сонатасы, фа минор, оp. 14

С.Рахманинов. Таңдамалы этюд-картиналар, прелюдиялар (ор.23, 32, 33, 39)

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.