Теперь вы можете подписаться на анонсы Самал Еслямова
Мы можем уведомить Вас о выходе новых событый.

Самал Еслямова

Самал Еслямова

Туған күні
01.09.1984 (40), Қазақстан, Петропавл қ., Аралағаш ауылы
Мамандықтар

Зодиак белгісі
Бикеш


Самал Еслямова өзінің актерлік жолын енді бастаса да, оның қатысуымен түсірілген фильмдер әлемдік атаққа ие болды.

Шығармашылық жолы

Мектепте жақсы оқыған, мектеп өміріне белсенді қатысып, журналист болуды армандаған. Бірақ Қозыбаев атындағы СҚМУ-не қалаған мамандығына түсу үшін оған балл жетпеді. Қыздың сағы сынбай, Петропавл өнер колледжінің студенті атанды. Одан кейін ГИТИС-те оқыды.

Сонымен қатар болашақ жұлдыз музыкалық драмтеатрда қосымша жұмыс істеді, онда «Қазақфильмнің» жаңа киножобасындағы сынамалар туралы кездейсоқ білді. Кастингтен кейін С. Дворцевойның «Қызғалдақ» көркем фильміндегі рөлге бекітілді (2008 ж.). Кинофильм Канн фестивалінің «Ерекше көзқарас» байқауында жүлделі орынға ие болды, сондай-ақ басқа да халықаралық фестивальдардан 9 Гран-при жинады.

Самал Еслямованың келесі фильмін түсіру 2012 жылдан 2018 жылға дейін созылды. «Айка» драмасында ол басты кейіпкерді ойнады және 2018 жылдың күзінде Каннда ең үздік әйел рөлі үшін «Алтын пальма бұтағы» марапатталды. 2019 жылдың наурызында актриса «Азия Оскарына» ие болды.

Сыншылар қазақстандық кинодиваға тамаша киномансабын болжауда, ал жанкүйерлер оның жаңа рөлдерін асыға күтеді.

Самал Еслямова: отбасылық өмірі

Түсірілім кестесі тығыз болғандықтан, жас өнерпаз күрделі қарым-қатынас орната алмаған еді. Қазір ол отбасы құрып, бала тууды армандайды.

Қызықты фактілер

  1. Мәскеуде тұрады, бірақ туыстары әлі күнге дейін тұрып жатқан туған ауылына жиі келеді.
  2. 2018 жылдың желтоқсанынан бастап «Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері».
  3. «Айка» фильмінің режиссері С. Дворцеваның айтуынша, туынды жетістігінің 99% - басты рөл орындаушысының еңбегі.